mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қанат шенеуніктерді орнынан тұрғызды

Өткен сенбіде Астана қаласындағы «Сарыарқа» велотрегінде «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында кәсіпқой бокстан спорт кеші өтіп, онда бас кездесуде қазақ елінің мақтанышы Қанат Ислам (лақап аты — «Qazaq»күні кешеге дейін ешкімнен жеңіліп көрмеген канадалық Брэндон Кукпен (лақап аты —  «Жаман бала») қолғап түйістірді. Жекпе-жекті өте ширақ бастаған Қанат Ислам қарсыласын ауыр соққыларымен састырып, бұрыштан-бұрышқа тықты. Алғашқы екі раунд бойы соққы жаудырған жерлесіміз үшінші раундта Кукты есеңгіретіп, нокдаунға жіберді. Кук бұдан кейін тағы да екі рет нокдаунға түсті. Бірақ керемет жансебілдік танытып, кездесуді жалғастыра алды. Соңғы нокдауннан кейін басталған келесі раундта Қанаттың ауыр соққыларының астында қалған канадалық шаршы алаңның бесінші бұрышын ісдеп кеткендіктен, рингтегі төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Бұл — техникалық нокаут-тын. Астана төрінде өткен жекпе-жекке спортсүйер қауым ғана емес, еліміздегі танымал әрі беделді шенеуніктер — сенат төрағасы Қасымжомарт Тоқаев, Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаев пен «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов те келіп, жерлесіміздің өнерін тамашалаған.  Бұдан басқа, бас кездесуге дейін еліміздің бірқатар боксшылары шетелдік боксшылармен сынға түсіп, жарыс көрігін қыздырған. Шаршы алаңға шыққан Руслан Мырсатаев, Жәнібек Әлімханұлы, Димаш Ниязов, Мейірім Нұрсұлтанов, Жанқош Тұраров пен Айдос Ербосынұлының бәрі жеңіске жетті. Жекпе-жекке дейін орта салмақ дәрежесінде әдемдік рейтингте 25-і орында тұрған Қанат Ислам осы жеңісінен кейін бірден 12-і орынға көтерілсе,  Брендон Кук Астанадағы жеңілісінен кейін бірден 22 орын төмендеп, 43-ке табан тіреді.

(7)