Құрбан шалатын орындар белгіленді

Биыл «Құрбан айт» мерекесін тойлау 1 қыркүйекте басталып, 3 күнге созылады. 1 қыркүйекте сағат 07:00-де елорда мешіттерінде «Айт намазы» оқылады. Құрбан шалу айттың 3 күніне дейін жалғасады. Бұл туралы мешіт имамдары 25 тамыз күні жұма намазына жиналған жамағатты хабардар етті. Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша, қалада белгіленген орындарда ғана құрбан шалуға рұқсат етіледі. Астанада құрбандық малдарды союға арналған қасапханалар да жария етілді. Олар: «Нұрбереке-555» ЖШС (Алаш тас жолы бойында), «Метро» СҮ (Астана — Қарағанды тас жолы), «Шаушен» ШҚ (Астана — Павлодар тас жолының 9 шақырымы), «Мақсат 2007» ЖШС, «Железнодорожный» ТМ (Ақжар көшесі, 20), «Ұлжан» әмбебап базары (бұрынғы «Саянұр» базары, Тілендиев көшесі, 24), «Темеш» ШҚ (Астана — Софиевка тас жолының 7 шақырымы), «Мамырханов» ЖК, «Өндіріс-1» ЖМ, «Есжанова А.» ЖК, «Жайлау» (Алаш тас жолы, Ц313 көшесі), «Алтын-Таға» базары (Қосшы кентінің маңында), «Сапа Су» ЖШС (Қосшы кенті, 4340 үй).
Құрбандық шалу айт намазы оқылып біткеннен кейін басталады. Осы орындарға барып құрбан шалған адамдар, шариғат белгілемелеріне сай, 1/3 бөлігін отбасында қиыншылығы бар адамдарға қалдырады немесе өзге де мұқтаж жандарға таратады.

(8)