mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Джиу-джитсу: Нұрсұлтанның мәрттігі

Вьетнамда джиу-джитсудан өткен Азия біріншілігінде жұрт күтпеген жағдай орын алыпты. Сөйтсек, ақтық финалға шыққан қос қазақстандық файтер төбелесуден бас тартып, кішісі жолын үлкеніне бергендіктен, жасы үлкен спортшы «жеңімпаз» атаныпты. Астананың 22 жастағы тұрғыны Баққуар Хамзе құрлықтық доданың финалында Ақмола облысының тұрғыны, жерлесі Нұрсұлтан Дүйсенқұловпен кездесіп қалыпты. Олар бір бапкердің шәкірттері ғана емес, жақсы достар екен. Баққуардың өзі турнирдің екі бөлімі: файтинг және комбат бойынша қатысыпты. Алғашқысында спортшының жолы болмаған көрінеді. Су жаңа чемпион Хамзенің өзі: «Финалда, өкінішке қарай, өзімнің жерлесім әрі досым Нұрсұлтан Дүйсенқұловпен шықтым. Ол маған жеңісті берді. Біздің бапкеріміз де ортақ, менен жасы кіші болғандықтан, жеңісті күреспей бере салды»,— дейді.

(4)