mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Ауыр атлетика: И.Ильин спорттағы мансабын жалғастыра ма?

Әйгілі қазақстандық ауыр атлеттің өзі бұл сауалға: «Әлі күнге дейін жаттығу жасап жүрмін, жүгіремін. Бір жаттығуда спорттың төрт түрі бойынша жаттығамын. Әрине, бастысы ауыр атлетика. Бұл спортты жақсы көрем, сондықтан көп жұмыс жасаудамын. Жаттықтырушы болуды үйреніп жүрмін, білгенімді ауыр атлетика мен спортты жақсы көретін жастарға үйреткім келеді. Сосын жаттығуды жалғастырам. Спорт саласында отандастарыма көбірек көмек жасағым келеді. Жарыстарға қатысуға мүмкіндік берілсе, спортты жалғастыруға ниеттімін»,— деп жауап берді.
Жақында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзі үшін Ильин қашанда чемпион болып қалатынын айтқан болатын. Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин допинг-сынамаларынан екінші ретте де өте алмағандықтан, жарыстардан шеттетілген болатын. Нәтижесінде ол Олимпиаданың екі алтынынан айырылып, Рио-де-Жанейродағы ойындарға қатыстырылмады. Оның дисквалификация мерзімі қашанға созылатыны әлі де шешілген жоқ.

(31)