mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Визаға қатысты Түркия ұсынысы

Қазақ-түрік бизнес форумында Түркияның экономика министрі Нихат Зейбекджи: «Қос ел компаниялары арасында баяғыдан бері ынтымақтастық-әріптестік орнаған. Бірлескен жұмыстар жүргізген жылдары Түркия Қазақстанға 2 миллиард доллар көлемінде инвестиция құйды. Енді оны 10 миллиард долларға дейін арттыруға болады. Түрік бизнесмендері тауар айналымының артуына да ықпал етеді. Қазір ол көбінесе табиғи және энергия ресурстарымен шектелген. Біздің ел Қазақстанға текстиль өнімдері мен азық-түлік өнімдерін жеткізуге ниетті. Тек айтылған жоспарды жүзеге асыру үшін, қос ел сауда қарым-қатынастарын қайта қарап, кей шектеулерді алып тастаған жөн. Бізге екі ел әріптестігі үшін барлық кедергілерді жою керек. Иә, екі ел арасында визасыз режим бар. Менің ойымша, енді жұмыс күштеріне де осы режимді енгізетін кез келді. Бұл қос ел бір-біріне өз өнімдерін еш кедергісіз, оңай жеткізе алатын болады деген сөз», — деді.
Жиында Түркия президентінің Қазақстанға келетін күні де белгілі болды. Бұл кездесу ЭКСПО көрмесінің жабылуы, яғни 9-10 қыркүйекке қарай жоспарланып отыр.

(53)