Белгілі ақын Ерке Есмаханға арнап өлең жазды

Елімізге белгілі ақын, эстрадамыздағы талай танымал әндердің мәтінін жазған Қалқаман Сарин Ерке Есмаханға арнаған өлеңін өзінің желідегі “фейсбук” парақшасына жария етті.
Ақын әнші қарындасына:
«Ұқсап туған қарша қызға,
Еліміздің Еркесімен!
Дұғай сәлем баршаңызға,
Атыраудың өлкесінен!
Жарқын мінез, жайнаған көз,
Нұрың шашып күндей болып,
Жүрші осылай жайнап әркез,
Қолыңдағы гүлдей болып!» — деп жазған.
Өз кезегінде желі қолданушылары Еркеге қандай өлең арнаса да артық етпейтінін айтып, Қалқаман Саринге жылы лебіздерін білдірді. Иә, мынау қиын заманда осылай мейірім шуағымызды төгіп жүргенге не жетсін!

(100)