Алданған танымал дубляж актері әрі диктор Азамат Қанапия Алмас Кішкенбаевқа ренішін білдірді

Азамат Қанапияны алдаған кім?

Танымал дубляж актері әрі диктор Азамат Қанапия Алмас Кішкенбаевқа ренішін білдірді. «Армысыздар! Мына бауырым алаяқ па, қалай? Қаламақымды бермей, түлкі бұлаңға салып, алдап жүр, бір жылдан асты. Алмас, ұят қайда? Жазбасыма болмадың, менікі де ыңғайсыз, әрине. Бірақ амал не?» — деп, өз жеке парақшасына жазды. Кішкенбаевтың директоры Заңғар болса, бұл жайт туралы ешнәрсе білмейтінін айтты. Алайда әншіден анық-қанығын біліп беруге уәде берген ол телефон тұтқасын көтермей қойды. Сонымен, кімдікі дұрыс екені әзірге белгісіз болғанымен, уақыт өте келе анықталары сөзсіз.

(80)