mm
Халықаралық "Қазақстан Заман" газетінің Астана қаласындағы тілшісі.

СТАРТАП-ХАБ ҚҰРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҮКІМЕТТЕ ТАЛҚЫЛАНДЫ

29 шілде күні Үкімет үйінде ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын іске асыру аясында Астанада Стартап-хаб құру мәселелері жөнінде кеңес өткізді.
Стартаптарды тарту және дамыту үшін жағдай жасау, оқыту және менторлық жүйесін енгізу арқылы стартап қызметтеріне сарапшылық қолдауды қамтамасыз ету бойынша жоспарлар, сондай-ақ білім беру бағдарламаларын, оның ішінде бағдарламалау мектебі, стартап-академия және басқаларын енгізу перспективалары қаралды.
Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Анықтама: Стартап-хаб құру «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының жобасына енгізілген.

(11)