«EXPO-2017 Football Cup» халықаралық футбол турнирі өтеді

2017 жылдың 5-6 тамызы күндері  «Астана Арена» спорт стадионында «EXPO-2017 Football Cup» халықаралық футбол турнирі өтеді. Жарыстың бас ақпараттық демеушісі —  «Kazsport» телеарнасы. Бәсекеге Қазақстан, Ресей, Италия, Германия, Португалия және Әлем құрамалары қатыспақ. «ЭКСПО кубогының» барысында Астана тұрғындары мен қала қонақтары Кевин Кураньи, Дино Баджо, Марко Дельвеккио, Нуну Манише, Яри Литманен, Эрнан Креспо, Жан-Пьер Папен, Роман Широков, Валерий Карпин, Александр Филимонов секілді әлем футболында өзіндік із қалдырған шеберлердің өнерін тамашалай алады. Турнирдің төрешілер алқасының тізгінін кезінде ФИФА төрешілер департаментінің жетекшісі болған,  әйгілі швейцариялық қазы Массимо Бузакка ұстамақ. «Kazsport» телеарнасы «EXPO 2017 Football Cup» халықаралық футбол турнирінің барлық матчтарын тікелей эфирде көрсетеді.

(19)