Астанада қонақүй бағасы өскен

Елорданың қонақүй бизнесі ЭКСПО-ға келетін туристер легін тиімді пайдалануда. Астанадағы қонақүйлер бағаны бір айдың ішінде 24 пайызға  көтерген, деп  energyprom.kz хабарлайды. Туристерді күтуші қонақүйлер, отельдер мен басқа да орындар саны жазғы маусымда 19 пайызға  өссе, нөмірлер саны – 15 пайызға артқан. Маусым айының қорытындысы бойынша, ҚР-ның басқа да ірі қалалары мен мегаполистерінің арасында Астанада қонақүйде тұру құны қатты жоғарылағаны байқалды.  Елордадағы бағаның көтерілуі –  биыл жазда ҚР-ның туристік магнитіне айналған «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне келетіндер легін есепке алғанда, көңілге сыйымды заңдылық.

(4)