Украина “Ресей империясымен” біржола ажырасты»

Украиналық «1+1» телеарнасына берген сұхбатында осы елдің президенті Петр Порошенко: «Біз Еуроодақпен визасыз режимге рұқсат алып, Ресей империясымен біржола ажырастық, бұл оқиғаны философиялық тұрғыда осылай қабылдауымыз керек. Визасыз режим Украинаны Еуропа елдері арасындағы тарихи орнына оралтты. Саяхаттау мүмкіндігі жағынан Украина паспорты әлемдегі ең тартымды 40 паспорттың қатарына еніп отыр. Украина паспортын қазірдің өзінде мақтан тұтамын, себебі бұл өте маңызды қадам. Енді ешкім бізді әлемнің ешбір елімен шатастырмайтын болады. Баршаңызды осы жайтпен құттықмтаймын»,— деді. Мұның алдында, яғни 11-і мамырда Еуроодақ кеңесі Украина азаматтарына визасыз режим беру туралы қорытынды шешімін шығарған болатын. Еуропарламент пен Кеңестің тиісті құжаттарға қол қоюы 17-і мамырға белгіленген. Кейін ол ЕО ресми журналында жарияланып, 20 күннен соң күшіне енеді. Еуроодақпен визасыз режимді ырықтандыру Киевтің сыртқысаяси басымдықтарының бірі болып табылады.

(82)