Қазақстан медицинасы фармаколог мамандарға зәру

Depositphotos

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Парламенті Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму комитетінің xатшысы, парламенттік тыңдаулар дайындығы жөніндегі уақытша комиссияның жетекшісі Бейбіт Мамраев: “ Менің қолымда бар мәліметтерге сәйкес, бізде қазір небәрі 200 фармаколог маман жұмыс істейді. Бір қызығы олардың тек 5 пайызында ғана арнайы фармакология мамандығы бойынша диплом бар. Қалғандары бұл салаға басқа мамандықтардан келіп, қосылған болса керек. Бірақ олардың барлығы да тәжірибеден өткен, біліктіліктерін жетілдірген жандар. Яғни арнайы сертификатқа ие. Олардың білігіне күмән келтірмеймін. Алайда фармакологтардың тапшылығы көзге ұрып тұр, атап айтсақ, бүгін Қазақстанда шамамен 900 фармаколог маман жетіспейді. Емxаналарда сауатты, құзыры жоғары фармакологтар қызмет етуі тиіс. Олар емxанада сапалы фармацияны құрып, ауруға шалдыққандарды тиімді емдеуге үлес қосады және дәрі-дәрмектерді қабылдау тәртібін сауатты жүргізеді.»,— деген мәлімдеме жасады.  Парламент Мәжілісінде 12-і мамырда «Қазақстан Республикасында халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз ету және фармацевтика саласының  жай-күйі және дамуы туралы» тақырыбында парламенттік тыңдау өтуі жоспарланған. Тыңдау барысында Парламент депутаттары дәрімен қамтамасыз етудің өзекті мәселелерін және осы саладағы проблемаларды шешу жолдарын талқыламақ.  Парламент депуттарымен бірге тыңдауға орталық және жергілікті атқарушы органдар өкілдері, ірі фармацевтикалық кәсіпорындардың басшылары мен шетелдік сарапшылар, медицина қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар мен БАҚ өкілдері қатысады деп күтілуде.

(21)