Атамбаев мигранттарға қарсы шыққан ресейлік саясаткерлерді сынады

centralasian.org

Естеріңізде болса 3 сәуір күні Ресейдің Санкт-Петербург қаласындағы метрода теракт болды. Ресей денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес қанды оқиға нәтижесінде 14 адам қаза тапқан. Ресейлік ресми органдар терактіден бас күдікті Қырғызстыннан шыққан ұлты өзбек ресейлік азамат Акбаржон Джалилов деп хабарлаған болатын.  Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 9 мамыр жеңіс күніне арналған митинг-реквием барысында бірқатар ресейлік басылымдар мен саясаткерлер метродағы қайғылы жағдайды қырғызстандық мигранттарға қарсы науқанға айналдырып жіберді деп мәлімдеді.

«Өкінішке орай соңғы жылдары бауырлас Ресей елінде екі халықтың арасына от салушылар, ксенофобиялық пікір таратушылар көбейіп кетті. Мысалы бірнеше жыл бұрын танымал ресейлік жазушы Михаил Веллер «Росбалт» агенттігіне берген сұхбатында скинхедтерді санасыз түрде Ресей мемлекетін қорғап жатыр деген болатын. Яғни жүздеген қорғансыз жандарды және балаларды өлтіру арқылы Ресей мүддесін қорғайды-мыс.

Мәселен, Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Константин Затулин “Россия-1” мемлекеттік телеарнасы эфирінде қырғыз мигранттарына қатаң шара қолдануға үндеп, қырғыздар – жатжұрттық, Ресейді байырғы заманнан мекендеген халықтарға еш қатысы жоқ деп айтқан. Мен Затуллин мырзаға тиісті жауабын берген бағдарлама жүргізушісіне алғысымды білдіремін және Веллер, Затуллиндерге өз уәжімді айтпақшымын.

Біріншіден, Ресей халықтарының тарихын білмейтіндерге қырғыздардың Сібір халықтарынан шыққанын естеріне салғым келеді. Біз- Алтай халықтарының және ұлы Алтай өркениетінің ажырамас бөлігіміз.

Екіншіден, Ресейдегі башқұрт, татар, хакас сынды бірқатар бауырлас ұлттармен тіліміз ұқсас. Сібір сөзінің өзі қырғызша «Шибер-көкке бай жер», «Байкал-бай көл», «Енисей-ене сай(өзендер анасы) сөздерінен шығады. Урал өзені де бұрын Жайық деп аталған.

Қазіргі таңда Ресейде «жатжұрттықтар» немесе еңбек мигранттары мәселе тудырып отырған жоқ, керісінше бірқатар саясаткерлер мен жазушылар ұлттар арасына от салып, ксенофобияны ушықтырып жатыр.

Санкт- Петербургтағы терактіден бас күдікті Ош қаласынан шыққан өзбек екен деп барлық өзбектер мен қырғыздарды айыптауға болмайды. Ол әкесі сияқты Ресейдің азаматы болып шықты ғой. 16 жасынан бастап Ресейде тұрған. Ксенофобия мен скинхедтерден көрген қорлық оны экстремисттік әрекет жасауға итермелеген болуы әбден мүмкін.

Әрине әр ұлтта батырларымен қатар опасыздары да болатыны ащы шындық. Гитлерлер мен Чикатилоларға қарап тұтас ұлтқа қара таңба басуға болмайды.

Біз қырғыздар үшін Ресей атамекеніміз болып саналады. Әрбір қырғызға Манас, Алтай, Енесай сөздері киелі болып табылады. Біздің халқымыз өзінің шығу тегін ұмытпайды және бауырлас Ресеймен Ұлы Отан соғысында бірге болғандай, қаралы қиын күндерінде жанынан табылады»,-деді қырғыз президенті.

 

 

 

 

 

 

 

(48)