Ол жай ғана “өзгепланеталық”

Кеше түнде Испания чемпионатының 33 турында мадридтік Реал Барселонаны қабылдады. Ойын 2-3 есебімен қонақтардың пайдасына шешілді. Ал Барсаның басты жұлдызы Мессидің ойыны кезекті рет футбол сүйер қауымды қуантты. Классикодағы “өзгепланеталықтың” ойынындағы маңызды тұстарға назар аударайық:

Ойын басталысымен Реал бас бапкері Зидан жартылай қорғаушы Каземироны Леоға “байлап” қойды. Алайда Месси мадридтік ойыншыны сәт сайын қапы қалдырып отырды. Тіпті Каземиро ойынның алғашқы жартысында 2-ші сары қағаз алуы керек еді, бірақ төреші кешірді:

Реал ойыншылары Мессиде ойын ережесін жиі бұзды. Марселоның бұл әрекеті Леоның ашуын туғызып, керемет ойын көрсетуіне себеп болды десек те болады:

Кезекті керемет голы арқылы Месси дер кезінде ойын есебін теңестірді:

Ойынның 77 минутында Мессиді құлатқаны үшін Реалдың капитаны Рамос ойыннан қуылды:

Cоңғы минуттардағы Мессидің жеңіс голы. Айта кетейік, бұл арқылы ол классико тарихындағы ең көп доп соққан ойыншы атанды және Барселона үшін 500-ші голы болды:

 

(113)