Ғалымдар Антарктиканы киттің көзімен көрсетті

Аустралияда ғалымдар Антарктида маңындағы крильмен қоректенетін үш киттің арқасына видеокамера орнатты. Видео жазбаның көмегімен ғалымдар киттердің қалай демалатынын және қоректенетінін білді. Ғалымдар бұл жазбалар киттерді қорғауға үлкен көмек болады дейді. Камералар балықтарға арнайы құрылғы арқылы орнатылып, 24-48 сағат бойы жұмыс жасап тұрды. Кейін ғалымдар қуат көзін ауыстырып, көрсетілімдерді алды.

 

(67)