Маймылдар тәрбиелеген қыз

Көп уақыт бойы орманда маймылдармен бірге тұрған кішкентай қыз адам тілін ұмытып, төрт аяқтап жүретін болған. Бұл туралы daily mail сайты хабарлайды.

Баланың ата-анасының айтуынша, қыздары бір жыл бұрын базар маңында олардан қашып кеткен. Енді Шах пен оның жұбайы орманда табылған қыздың ата-анасы өздері екенін дәлелдеу үшін қан тапсырулары қажет»,— деп жазады. 45 жастағы Рамзан Али Шах пен оның 35 жастағы жұбайы Назма қыздарының суретін газет бетінен көрген. Бүлдіршіннің әкесі: «Біз өз көзімізге өзіміз сенбедік. Қызымыз базардағы ығы-жығы кісілердің арасында жүріп, бізден қашып кеткен еді. Содан бері ол ұшты-күйлі жоқ болып кеткен-ді. Қызымның есімі Ализа еді, қазір оның жасы 10-да болуы керек. Қызым психикалық дертке шалдыққан, ол біз соған дәрі сатып алып тұрған кезде қашып кеткен. Өкінішке орай, өтініш білдіргенімізге қарамастан, жергілікті полиция қызымды тауып беруге еш құлық танытпады»,— деп реніш білдірді. 

(104)