Жекпе-жек құны —100 миллион доллар

Қазақстан бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин Головкин Альвареспен жекпе-жекте 100 миллион доллар сыйақы алуы мүмкін екендігін мәлімдеді. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлайды. 

Қазақстанның кәсіпқой бокс федерациясының президенті Ерлан Бекхожин орта салмақтағы WBA(Super), IBO, IBF және WBC тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0, 33 КО) Астанада өтуі мүмкін деген жекпе-жегіне байланысты: «Головкиннің командасы Қазақстанға сол күйі келмеді. Сондықтан да Головкин Астанада жекпе-жек өткізбейтін шығар деп ойлаймын. Герман (боксшының менеджері) Головкин қазір «Канеломен» жекпе-жек өткізуге дайындалып жатқанын айтты. Оның командасы «Канеломен» келіссөз барысында жақсы сыйақыға келісті деген мәліметті естідім. Тіпті Головкиннің сыйақысы 100 миллон доллар болуы мүмкін деген мәлімет бар. Сондықтан да олар Сондреспен кездесуден бас тартып отыр. Өйткені, Сондерспен кездесетін болса, Головкин жарақат алып қалуы ықтимал. Егер жарақат алатын болса, Альвареспен жекпе-жекті кейінге шегеруге тура келеді. Мексикалық боксшының промоутерін де бұл жаңалық қуантқан көрінеді»,— деген пікір білдірді.

(579)