7 жасар Мария Құранды жатқа оқиды

muftyat.kz: «Ұлыбританияның Лутон қаласында тұратын Мария есімді 7 жасар қыз Құранды толық жаттап алған деп хабарлайды  Ол 5 жасында «Ясин» сүресін қайырымдылық ретінде Сирияға ақша жинау үшін жаттаған болатын. Осыдан кейін, жергілікті медреседе Құранның қалған параларын толық жаттап бітірген. Анасы қызының хафиз болып шығуын қалайды. Бірақ, өкінішіне орай, бұл жерде хафиздыққа оқытатын орындар болмай шығады да, Тез жаттап алу қабілетінің бар екенін аңғарған анасы қызын бұан өзі үйреткен. Осылайша, олар қатаң құрылған кесте бойынша жұмыс істеп, сол кесте бойынша Мария күніне 5 сағат Құран жаттаумен айналысқан. Марияның жаттау қабілетін одан ары арттыру үшін, Құранның жартысын жаттаған сайын анасы қызы қалаған нәрсесін алып беріп отырған. Мария болса жұмсақ ойыншық, бояйтын кітапшалар және мейрамханада тамақ ішу сияқты дүниелерді жиі таңдайды екен. Екі жылдан кейін, Мария 7 жасқа толғанда Құранды толық жаттап алып, олардың ыждаһаттары толығымен ақталған. Оның Құранды жаттап біту жетістігі салтанатты түрде тойланған көрінеді»,— деп хабарлайды.

(21)