Қ.Жолдыбайұлы: Азаматтықтан айыру “жиһадқа” барушыларды тоқтатпайды

“Қазақстан” арнасындағы “Басты тақырып” бағдарламасының кезекті шығарылымы Елбасының “ДАИШ-ке қосылғандарды азаматтығынан айыру” туралы шешімі жайлы болды. Бағдарлама қонағы болған белгілі дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы осы мәселе төңірегінде ой өрбітті.

Сурет: islam.kz сайтынан

Қайрат Жолдыбайұлы: “Азаматтықтан айыру мәжбүрлі шара деп ойлаймын. Елбасының өзі оларға көзқарастарынан қайтып, ел қатарлы өмір сүруге мүмкіндік берілгенін айтты. Қазақстан азаматтығынан айырудың астарында олардың елімізге қайтадан келіп, бірнеше жыл абақтыда отырғаннан кейін лаңкестік әрекеттер жасауы мүмкін деген күдік жатыр.Ал енді мұның алдын алу үшін оларды мүлдем мемлекетке кіргізбеу шешімі қабылданып отыр. Бұл-мәжбүрлі жағдай, себебі олар өз көзқарастарынан қайтпайды. Алайда бұл қадам еліміздегі “жиһадқа” аттанушыларды тоқтатату үшін қандай да бір оң әсерін тигізеді деп ойламаймын. Себебі оларды азаматтық мүлдем алаңдатпайды және өлімге бастарын тігіп отыр. Тіпті олар біздің билікті, мемлекетті “кәпір” деп айтады және мұндай елдің азаматы болу олар үшін абырой емес…”

Бағдарламаның толық нұсқасын төмендегі видеодан көре аласыздар:

 

(91)