ЕАЭО елдері арасында сауда жандана түсті

Сурет: “Түркістан” газетінен

Бішкекте өткен Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында Еуразиялық экономикалық одақтың дамуы мен ынтымақтастықты тереңдету жолдары қарастырылды. Қазақстан, Армения, Белоруссия, Қырғызстан және Ресей көшбасшылары экономикалық әріптестік, халықаралық ынтымақтастық және Еуразиялық кеңістіктегі бірігу мәселелерін талқылады. Жиында сөз сөйлеген Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Одақ елдері арасындағы сауда жанданып келеді. Мұны статистикалық мәліметтерден де көруге болады. Мәсенлен, Кеңеске мүше көптеген елдер өткен жылы экономикалық көрсеткіштерін жақсартты. Олардың ішінде Қазақстан да бар. Айталық, екі айдың қорытындысы бойынша, Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің сыртқы саудасы 37 пайызға өсті. Ал өзара сауда 38 пайызға артты. Қазақстанның одақпен саудасы 56 пайызға өсті. Атап айтқанда: Ресеймен — 50, Белоруссиямен — 50, Қырғызстанмен — 41 пайызға және Армениямен үш жарым есе көтерілді»,— деген мәліметтерді алға тартты. Бішкекке Молдова басшысы да келді. Бұл ел Еуразиялық экономикалық одаққа байқаушы мәртебесін алуға ниетті.

(10)