mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Дзюдо: Ел құрамасы Анталиядан олжалы оралды

Түркияның Анталия қаласында дзюдодан өткен кезекті халықаралық «Grand Prix» турнирі өз мәресіне жетті. 7-9 сәуір аралығында өткен бұл турнирге 34 елден келген 252 спортшы қатысты, солардың арасында қазақ елінің намысын қорғаған 22 отандастарымыз да бар. Үш күнге созылған дүбірлі додада Қазақстан құрамасы ел намысын абыроймен қорғап, жалпы командалық есепте жарысты екінші орынмен аяқтады. Жарыстың алғашқы күні татамиге шыққан жеті дзюдошымыздан Галбадрах Отгонцэцэг (48 келі) пен Ғұсман Қырғызбаев (60 келі) турнир жеңімпазы атанып, қос алтынды қоржынға салса, Азамат Мұқанов (66 келі) пен Севера Нышанбаева (57 келі) жұбаныш белдесуінде қарсыластарына есе жіберіп, жарысты 5-орынмен аяқтады. Жарыстың екінші күні ерлер 73 және 81 келіде, әйелдер 63 және 70 келі салмақта өзара мықтыларды анықтады. 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен бұрымды балуанымыз Мариан Урдабаева финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, соңғы сында сүрініп, күмісті місе тұтты. «Grand Prix» турнирінің соңғы күнінде Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті. 100 келіге дейінгі салмақта белдескен тәжірибелі балуанымыз Максим Раков турнирдің күміс жүлдегері атанса, қыздарымыздан 78 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Зарина Райфова мен Альбина Амангельдиева қос қола медаль иеленді.

(11)