Франция: Босқындар лагерінде шу шықты

Le Figaro газеті: « Францияның солтүстігіндегі Дюнкерк қаласы маңында орналасқан босқындар лагерінде тәртіпсіздіктер орын алды. ТЖ салдарынан зардап шеккендер бар»,— деген хабар таратты. Лагерьде Ла-Манш бұғазы арқылы Ұлыбританияға жетуді армандайтын мың жарымға жуық ауғандықтар мен күрдтер өмір сүруде. Алдын ала болжам бойынша, жанжал түрлі этникалық топтар арасында туындаған. Оны тоқтату үшін полицияның араласуына тура келген. Тәртіп сақшылары ойран салушыларға қарсы көзді жасаурататын газ бен таяқ қолданған. Қақтығыстан ең кемі алты адамның жараланғаны хабарланды.

(7)