mm
«Бақ пен сор», «Біздің ауылдың адамдары», «Тәу етем саған, туған жер», «Шың мен шыңырау» атты кітаптардың авторы. Халықаралық «Қазақстан-Заман» газетінің экономика, спорт, туризм бөлімдерінің меңгерушісі.

Қос елдің де қоржыны тоқ

Біздің республикамыз Бакумен жан-жақты өзара іс-қимыл аясын кеңейтуге мүдделі және ол үшін қажетті әлеует бар. Бұл ретте сауда-экономикалық ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастың локомотиві болып саналады. Елімізде Қазақстан азаматы болып саналатын көптеген этникалық әзірбайжандықтар тұрып жатыр. Олар Қазақстанда кәсіпорын ашып, бизнеспен айналысып, екі мемлекет арасындағы өзара достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға септігін тигізетін дәнекер іспетті. Студенттер алмасу, екі елдің мәдени күндерін өткізу мәселелеріне тиісті деңгейде назар аудару қажет. Ол мәдени байланыстарымызды жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізетін болады», — десе, өз кезегінде Әзірбайжан Республикасының Президенті И.Әлиев: «Әзірбайжан Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы оның әлемдік аренадағы рөлі мойындалғанының көрсеткіші және Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке беделінің арқасы деп санайды. Сіздің өңірлік қана емес, сонымен бірге әлемдік ауқымдағы бастамаларыңыз зор құрметке ие болып келеді. Екіжақты қарым-қатынастың дамуына көңіліміз толады. Бүгінгі сындарлы пікір алмасулар талқыланған көптеген мәселелер жөніндегі ұстанымдарымыздың ұқсастығын көрсетеді. Қос ел арасында екіжақты экономикалық ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатыр. Біз екі мемлекеттің инвестиция саласындағы жұмысының қорытындысы бойынша оң нәтижелер бар екенін көріп отырмыз. Бұл шағын және орта бизнес саласының дамуына септігін тигізетін болады», — деп атап өтті.

(4)