Егіздер де ерегіседі екен

blizneciЖаз. Жексенбі күні орталық базарға жақындай бергенімде, он жасар шамасындағы қазақ баласы алдымнан жүгіріп шықты.
— Сіз театрда жасайсыз ба?
— Иә.
— Сізді ылғи теледидардан көремін.
— Ым, жарайсың! — дедім. Балаға басқа не айтамын?
— Аға, сағыз сатып алыңызшы, — деді өтініш жасап.
— Сағыз шайнамаймын, — деп едім, ол үндемей тұрып қалды. Сәлден соң артымнан қайта қуып жетіп:
— Аға, шөлдеген шығарсыз, су сатып алыңызшы.
— Жарайды, әкеле ғой, — деп, бір бөтелке су сатып алдым. Алдыға қарай екі-үш қадам жасай беріп едім, жаңағы бала тағы да:
— Ағай, су алыңызшы, — деді.
— Айналайын, сенен жаңа ғана сатып алдым ғой.
— Ол мен емес, менің сыңарым. Біз егізбіз, — деді.
— Олай болса, сенен шоколад сатып алайын, — деп, қалтамнан ақшамды алып жатыр едім, қасына екіншісі жетіп келді.
— Бұл ағаны бірінші рет мен көрдім. Шоколадты менен алады.
— Сен су саттың ғой, — деді сыңары. Екеуі жанжалға көшті. Сәлден соң бір-бірінің жағасына жармасты. Ортада төрешілік жегиз асамасам, бір-біріне жұдырық жұмсауға әзір тұр. Мына әрекеттеріне қарап, бір құрсақтан шыққан деп айта алмайсың. Бірақ ұқсастықтары керемет. Екі тамшы су сияқты. Әне, сауда да ағайынды айырады…
— Сендер бір анадан туып, бұлай жасағандарың дұрыс емес, әкеліңдер, екеуіңнен де сатып аламын, — дедім.
Жүздері жарқ ете қалды. Мүмкін, бұл жоқшылықтың да әсері шығар. Қазір кім бай дейсің?..

Нұрлыбек Жұбатқан,
«Екі езу» театрының директоры, ҚР-ның Мәдениет қайраткері

(14)