Бай жұлдыздардың ең атақтысы кім?

12447018

 Тізімнің көшін бастап тұрғандар төмендегідей жүйеленген.

I. Табысы бойынша алғашқы бестікке шолу жасар болсақ:

1. Геннадий Головкин, (боксшы). 2. Ақан Сатаев (режиссер). 3. Нұрлан Қоянбаев, тележүргізуші, (продюсер), 4. Асқар Ұзабаев (режиссер). 5. Данияр Елеусінов, (боксшы).
Еліміздің ең танымал кәсіпқой боксшысы Геннадий Головкин, өткен жылы 3 мәрте бәсекеге түскен болса, соның бәрінде тек жеңіспен көзге түскен. «GGG» жеңіс тұғырынан көрінген сол бәсекелерден түскен табысы 8 $ млн құраған.

II. Танымалдылығы бойынша бестікке енгендер:

1. Бахтияр Мамедов, (әнші). 2. Геннадий Головкин, (боксшы). 3. Қайрат Нұртас (әнші). 4. Баян Есентаева, (актриса, продюсер). 5. Айқын Төлепбергенов, (әнші), Jah Khalib лақап атымен танымал әнші Бахтияр Мамедов, өткен жылы «Если че, я Баха» атты жеке альбомын шығарған. Оның тек елімізде ғана емес, ТМД елдерінде де ықпалы артып, атағы аспандағанын осы «танымалдар» тізімінің көшін бастағанынан-ақ байқауға болады. Мысалы, 2015 жылдың өзінде Jah Khalib 150 мыңдық көрермені бар 80-ге жуық ресейлік және қазақстандық қалаларда 150 жеке концертін берген. Әртіс Мот, Кравц, Каспийский Груз, Джиган сынды ресейлік шоу-бизнес өкілдерімен шығармашылық байланыста.

III. Инстаграм желісіндегі оқырмандар саны бойынша:

1. Баян Есентаева, (актриса, продюсер). 2. Қайрат Нұртас (әнші) 3. Айқын Төлепбергенов, әнші 4. Геннадий Головкин, (боксшы). 5. Бахтияр Мамедов, әнші
Өткен жылы, бүкіл Қазақстан құлақ түрген «Баян Есентаева» оқиғасынан кейін, біраз шығармашылықтан қол үзіп қалса-дағы, бү-гінде шоу-бизнес әлемінде Баян Мақсатқызы атымен қайта белсенділігімен көпшілік назарынан тыс қалмай жатқан, оның инстаграм парақшасындағы оқырмандарының саны 2 миллионнан асып түскен.

(21)