Жансая Мусина «Алтын домбыра» иегері

16-17 желтоқсан күні Астана қаласында «Айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық Одағының» ұйымдастыруымен, Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен елорданың 20 жылдығына және Тәуелсіздік мерекесіне арналып, «Астанам, сенсің айбарым» атты «Алтын домбыра» айтысы өтті. «Алтын домбыра» айтысы биыл жетінші мәрте өткізіліп отыр. Жыл бойы республикалық дәрежеде өткен айтыстарда бас жүлде, бірінші орын алған 20 айтыскер ақын екі күн бойы айтыстың көркін қыздырып, тыңдарманның құлақ құрышын қандырды. Айтыс өз деңгейінде өтті. Биылғы «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысында бас жүлдеге батысқазақстандық Жансая Мусина ие болды. «Алтын домбыра» иегеріне 5 млн. теңге берілді. Айтыста үшінші орынды Ринат Заитов, Мақсат Ақанов пен Рүстем Қайыртайұлы еншіледі. Ал екінші орынды Мейірбек Сұлтанхан мен Еркебұлан Қайназар қанжығаласа, бірінші орынға қарағаңдылық Дидар Қамиев ие болды. Әрі «Айтыстың ақтаңгері» атағы берілді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлық табысталды. Сондай-ақ айтыскер Ахметжан Өзбеков, Жансая Мусина, Айбек Қалиев, Бақыт Құтпанов, Бауыржан Халиолла, Ринат Зайытов, Еркебұлан Қайназаров, Рүстем Қайыртай, Мейірбек Сұлтанхан «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Ермек Назым

(28)