Бұл — адал еңбектің әділ бағасы

Жамбыл облысының әкімі
А.Мырзахметов мырзаға

Құрметті, Асқар Исабекұлы!
Сізді еліміздің ең биік наградаларының бірі саналатын «Парасат» орденін иеленуіңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл сөз жоқ, адал еңбектің әділ бағасы!
Сіз Жамбыл облысының тізгінін қолға алғаннан бері Әулие ата өңірі адам танымастай өзгеріп, Тараз шаһары тотыдай түрлене түсті. Оны біз айтпасақта қалың бұқара көзбен көріп, тындырымды тірліктерге тәнті болуда.
Жыл басында жаңғырту жұмыстары жүргізілген «Жеңіс саябағының» жаңа кейіпке енуі Сіздің бабалар рухына деген тағзымыңыз, өткенге деген құрметіңіз. Дәл сондай «Желтоқсан» скверіне жасалған жұмыстар да Сіздің есіміңізді ұрпақ жадында қалдырары анық. Ал «Атшабардың» ажары, Темір жол вокзалының тарихи кескіні, шаһарда бұрын соңды болмаған сазды субұрқақтар, бой көтеріп жатқан жаңа ықшамаудандар және Жуалы жеріндегі «Шымбұлақ» демалыс орындарының құрылысы саяси және әлеуметтік тұрғыдан жасалған ең сәтті шешімдер екені даусыз.
ҚР Тұңғыш Президенті күні Жамбыл жерінде 41 нысанның бірдей ашылуы да талайды таңғалдырды. Әсіресе, оның 32-і медициналық мекемелер болғаны қараша халықтың жанын жадыратып, көпшіліктің алғысына бөлендіңіз. Ал Тәуелсіздік күні қарсаңында 28 нысанның ел игілігіне берілуі мерекеге жасалған теңдессіз тарту болды. Оның12-і көпқабатты тұрғын үй болса, 7-і дәрігерлік амбулатория, 4-і балабақша, 4-і ауызсумен қамтамасыз ету және 1 кәріз жүйесі. Мұның бәрі Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы басым міндеттерді орындау мен халықтың тұрмыс сапасын арттыруға негізделіп жатқанымен құнды.
Құрметті, Асқар Исабекұлы! Сіздің бастамаңызбен бұдан да өзге қолға алынып, жыл ішінде жемісін берген жобалар аз емес. Ал оның ең жоғарғы бағасы Елбасының Жарлығымен бекітіліп, Тәуелсіздік күні салтанатты түрде табыс етілген «Парасат» ордені болды.
Сіздің осынау биік наградаңызбен «Qazaqstan zamany» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің ұжымы атынан тағы мәрте құттықтаймыз! Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық тілейміз!
Ел ертеңі үшін жасап жатқан елеулі еңбегіңіз әрдайым жемісті болсын!

 

Маңғыстау облысының әкімі
Е.Л. Тоғжанов мырзаға

Құрметті Ералы Лұқпанұлы!
Сізді, «Парасат» орденінің иегері атануыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы жолында аянбай еңбек етіп, қоғамдық-саяси жұмыстардың үнемі басы-қасында жүретін мемлекетшіл азамат екеніңізді жақсы білеміз. Елдің қамын ойлап, жұрттың мұң-мұқтажын елеп-ескере жүретін елжандылық қасиеттен арылмай, халыққа қызмет ете беріңіз!
«QAZAQSTAN ZAMANY» газетімен тығыз байланыста жұмыс жасайсыз. Былтыр газет ұжымы Ақтау қа-ласындағы қараусыз жатқан «Алты құлаш әулие» қорымы мәселесін көтерген еді. Оны да дер кезінде қолға алып, мешіт салуға тапсырма бердіңіз. Осыдан-ақ, сіздің кез келген сұраққа бей-жай қарамайтыныңызды білуге болады.
Маңғыстау — мұнайлы өлке. Биыл 16,5 млн. тонна қара алтын өндірілді. Өңір экономикасы жылдан-жылға әртараптандырылып келеді. Іргелі кәсіпорындар қазір құрылысқа қажетті цемент, битум шығарып, теңіздегі мұнай операцияларын орындау үшін металл конструкцияларын да құрастырады.
Маңғыстаудың көлік-логистикалық мүмкіндігі де жоғары. Халықаралық маңыздағы «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» дәлізіндегі жолдар облыс аймағынан өтеді. Ақтау және Құрық порттары арқылы 6 млн тонна жүк жөнелтілді.
Жыл басынан бері әлеуметтік-экономикалық көрсет-кіштердің өсу қарқыны байқалады. Өнеркәсіп саласының нақты көлем индексі 100,9%, құрап, 2689,7 млрд. теңгенің өнімі шығарылды. Өңірде өз ісін ашып, кәсібін дөңгелетіп отырған 50,7 мың кәсіпкер тіркелген. Былтыр бұл көрсеткіш 46,7 мың еді. Яғни, 8,5% өсім бар. “Нұр капитал” жобасы бойынша 200-ге жуық өтінім түскен. Негізгі капиталға 448,7 млрд.теңгенің инвестициясы тартылды. Келер жылы бұл көрсеткіш еселене түсуі мүмкін.
Маңғыстаудағы басты мәселенің бірі – халықты баспанамен қамту. Жыл басынан бері 1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Осылайша бір жылдың ішінде баспанамен қамту 40,4% көбейді. Ал «7-20-25» бағдарламасы бойынша 238 тұрғын өз пәтеріне қол жеткізді. Ауылшаруашылығы саласында жыл басынан бері 14,6 млрд. теңгенің өнімі өндірілді. Сауда айналымы 158,1 млрд. теңгеге шығып отыр. “Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту” бағдарламасы аясында қаңтар айынан бері 33 316 жұмыс орны құрылған. Үш ауысымдық мектепті жою мақсатында жаңа оқу жылында 9 мектеп пайдаланылуға берілді.
Маңғыстау бала туу көрсеткіші бойынша да алдыңғы орында. Ана мен баланың денсаулығын сақтау басты назарда. Жуырда Ақтауда арнайы орталық ашылды.
Биыл Маңғыстауға 200 мыңнан астам турист келді. Ал жылдың басты оқиғасы 5-ші Каспий саммиті өтіп, 5 елдің президенті Ақтауда бас қосып, теңіз мәртебесі жөніндегі конвенцияға қол қойды. Төрткүл дүние көз тіккен саяси шара «V Каспий саммитін» ойдағыдай өткіздіңіз. Каспийді жағалай жатқан елдердің көшбасшылары ақмаржан қала Ақтауға таңданып кетті. Мұны сіздің қажырлы еңбегіңіз деп білеміз.
Сізді Республикамыздың әр азаматы үшін айтулы — Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға шаттық тілейміз.
Ел үшін атқарып жатқан еселі еңбегіңіз жемісті болсын!
Орденіңіз құтты болсын, Ералы Лұқпанұлы!

 

Солтүстік Қазақстан облысы Қ.І.Ақсақалов мырзаға

Құрметті Құмар Іргебайұлы!
«Qazaqstan zamany» халықаралық қоғамдық-саяси газетінің ұжымы Сізді Елбасының Жарлығымен Үкіметіміздің жоғары наградасы — «Парасат» орденімен марапатталуыңызбен шын жүректен құттықтайды. Біз Президентіміздің Жолдауларында, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында алға қойған міндеттердің Қызылжар өңірінде қалай жүзеге асып жатқанымен жақсы таныспыз. Солтүстік Қазақстан облысы өзіне тән ерекшелігі бар бірегей өңір.
Біріншіден, аумақтық орналасуы жағынан. Облыс Ресей Федерациясының Омбы, Түмен және Қорған облыстарымен шектеседі. Облыс орталығы арқылы өтетін темір жол торабы Ресейдің батысы мен шығысын, Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігін байланыстырады. «Петропавл халықаралық әуежайы» мен жолаушылар терминалы кез келген ұшақтарды қабылдай алатындай дәрежеде жаңғыртылған.
Екіншіден, өңір ел аумағының 4%-н ғана иеленсе де, жыл сайын республикадағы астықтың үштен бірін, майлы дақылдардың 40%-дан астамын өндіреді. Тек биыл ғана ауыл шаруашылығына 64,2 млрд. теңгенің инвестициясы құйылып, республикалық үлестің 22,8%-н құраған.
Үшіншіден, Солтүстік Қазақстан облысы заңды түрде ең тамаша туристік нысандардың бірі болып танылып отыр. Президент 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауында табиғатына емдік қасиеті сай Имантау-Шалқар курорттық аймағын ерекше атап айтты. Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының кезекті форумының биыл Солтүстік Қазақстан облысында өткізілуі соның айғағы.
Мемлекет басшысы таяудағы «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласында осыдан 5 мың жыл бұрын жылқы малын үй жағдайына алғаш рет үйреткен, тарихи және археологиялық ескерткіш болып табылатын Айыртау ауданындағы «Ботай қонысын» Ұлы даланың бірінші қыры ретінде атады. Міне, осы «Ботай қонысы» республикалық қасиетті жерлер картасына енгізіліп, ашық аспан астында құрылатын 3 мұражай-қорықтың біріне айналмақ. Соған орай облыстағы Ботай мәдениеті мұражайының құрылысын жалғастыру үшін республикалық бюджеттен 2 млрд. теңге бөлінбек.
Төртіншіден, облыстың 13 ауданы мен Петропавл қаласында 100-ге тарта ұлт пен ұлыстар түтін түтетіп, қоян-қолтық әртүрлі салаларда еңбек етіп жатыр. Бүгінгі күні өңірде құрамында 5 мыңнан астам мүшесі бар 26 облыстық және 175 аудандық этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Олар этносаралық келісімді нығайтуға ерекше еңбек сіңіріп отыр.
Бесіншіден, мемлекеттік «Серпін» бағдарламасын жүзеге асыруға, жұмыс күші көп оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға барынша мүдделілік танытып отырған бірден-бір облыс — осы өңір. Жергілікті М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-де 1 мыңға тарта оңтүстіктің ұл-қызы мамандық алып жатыр. Оңтүстіктен қоныс аударушыларға алдағы 3 жылда 3 мың баспана салу туралы бастама көтеріп отырған да — осы облыс.
Алтыншыдан, көне қаланы жаңғыртуға ерекше мән берілуде. Облыс орталығының кіреберісіндегі «Жас өркен» шағынауданы бұл күндері құрылыс алаңына айналған. Биыл пайдалануға берілген Теннис орталығы, әзірше рес-публикада теңдесі жоқ ІТ-технолгиялы Оқушылар сарайы, еңселі Қожаберген жырау ескерткіші, көпқабатты заманауи тұрғын үйлер ежелгі шаһарға ерекше көрік береді. Облыс орталығында 600 және 900 орындық 2 қазақ мектебінің құрылысы жүргізілуде. Үстіміздегі жылдың қорытындысы бойынша тек облыс орталығында ғана 6000 адам қоныс тойын тойламақ.
Облыс әкімдігі мен газет ұжымының байланысы үзіліп көрген емес.

Құрметпен, «QAZAQSTAN ZAMANY» газеті, «ЕлАна» қоғамдық-танымдық
сайты мен «Мөлдір бұлақ» танымдық журналының ұжымы

(28)