Ұландарымыз олжалы оралды

Алматы қаласындағы Алматы Аренада орналасқан «Исатай» таэквондо клубының жас спортшылары жақында Түркістан қаласынан олжалы оралды. Ұл-қыздардың жаттықтырушысы Назгүл Талдыбаеваны арнайы іздеп барып, қуаныштарымен құттықтадық. Балалар мен жасөспірімдер арасында өткен 1-ашық Республикалық біріншілікте топ жарған жас таэквондошылармен арнайы танысудың сәті түсті. Атап айтқанда 1-орын жеңіп алған Иванькова Диана, Маден Аяжан, Әділғазықызы Аяулым, Қайсар Нұрали, Келдібек Әлибек «Исатай» клубының мақтаныштары екен. Сонымен қатар осы жарыста 2-орынға қол жеткізген Серік Райс, Орал Мансур, Торшаев Рамазан, Мали Ақнұр, Мали Айқын, Ахмет Олжастар болашақтарынан көп үміт күтуге болады. 3-орын иемденген Абибеков Алихан, Амантай Бейбарыс та намысты қолдан жібермес ұландар екенін дәлелдеп жүр екен.
«Исатай» клубының жас өрендеріне сәттілік тіледік. Тәуелсіз еліміздің мақтан тұтар бір-бір азаматтары болсын деп тілегімізді білдірдік.

Саят ҚАМШЫГЕР

(6)