Ақылды айфоныңызбен Абылай хан алаңын, Бурабайды… тамашалаңыз!

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ақмола өңірінің киелі мекендерінің арнайы сипаттамасы, әсем көріністерін түсірген «SMART Рухани жаңғыру» мобильді жобаның әзір болғаны жайлы Ақмола облысының әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова журналистерге баспасөз мәслихатында таныстырды. Мәслихатқа жобаны әзірлеген «ІТ-Expert.Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алексей Николаев қатысып, жоба жайлы бүге-шігесіне дейін айтып берді.
Брифингте сөз алғаноблыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова: «Жаһандану заманында әрбір ұлт өзін-өзі тануға, ұлықтауға ұмтылуы — заңдылық. Әйтпесе, жаһанданудың зияны да бар. Осы мақсатта Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы ұмытқанды жаңғыртып, рухты серпілтетін маңызды бағдарлама. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында облыста біршама жобалар жүзеге асып, кейбірі жалғасып жатыр. Атап айтсақ «Ашық әкiмдiк», «Smart денсаулық сақтау», «Smart бiлiм беру»,«Smart agro», «Smart транспорт», «Тыныш қала», «Инновационная алаңы» сияқты жобалар. Таныстырып отырған «SMART Рухани жаңғыру» мобильді қосымшасы осы жобалардың жалғасына жатады. Жобаны облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы шеңберінде «ІТ-Expert.Asia» серіктестігі жүзеге асырды.
— Ақмола облысының туристік және мәдени әлеуеті жоғары. Сандық контентте мүмкіндігі зор. Осыған сай көрікті де әсем, киелі жерлер, аңыздар мен жырларға арқау болғанмекендер, мұрағат суреттері жобада кәсіби шеберлікпен дайындалыпқамтылған. QR-код бойынша курортты аймақ Бурабайдағы Абылай хан алаңы, Ерейментаудағы Бөгенбай батыр, Атбасардағы І.Есенберлин ескерткіші сияқты тарихи жерлер қамтылған.Жоба әрі қарай жалғасады. Бейне-роликті ғаламтор жүйесі бар кез келген мекенде қалта телефон, смартфон және жеке компьютер арқылы көре бересіздер, — деп әкім орынбасары жобаның негізгі авторы «ІТ-Expert.Asia» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алексей Николаевқа сөз берді.
— Бейне роликті бұрындары дайындалған «Web-сайт», «Интерактивті жол сілтеуші», «360 градустық» бейне бағдарлама жасақтайтын ғаламдық жүйе, технологияны пайдаланып жасадық. Осы жасалған жоба арқылы, Ақмола өңірі жайлы нақтылы мәліметтер, жазбалар, фото, бейне-баян, туристік бағыт, GPS таңба, облыстағы жаңалықтарды сіздер мен біздер, қонақтар, туристер осы интерактивті жол сілтеуші арқылы қол жеткізетін боламыз. Роликтің артықшылығы қолданушыға жүретін жолды алдын ала таңдаудың қажеті жоқ, интерактивті карта арқылы қажетті кез келген бағыттын өзі таңдайды. Цифрлық контентке Ақмола облысындағы 44-ке жуық киелі орындар енді алдағы уақытта 200-ге жеткіземіз. Бұл қосымшаны кез келген адам смартфонға жүктеп, бейне-роликтегі нысандарды 360 градусқа айналдырып, аударып, төңкеріп көруге болады.
Мобильді қосымшада кәсіби дикторлар сөйлейтін мульти тілді аудио, интерфейс және контенттерді қазақша, орысша және ағылшынша аударатын бағдарламалар орналастырылған, — дейді жоба авторы. Брифинг соңында өңірде «Рухани жаңғыру» жайында атқарылып жатқан игі істер жайында журналистер мен спикерлер арасында сұрақ, жауаптар болды.
Жиынды қортындылаған әкімнің орынбасары А.Е.Мысырәлімова:
— Бізде қандай бір істі тыңғылықты жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Мүмкіндіктерді қарастырып пайдалансақ, ел алдындағы міндетіміз Елбасының тапсырмасын, идеяаларын абыроймен жүзеге асыра алатын боламыз,— деді.
Түйін. Заманның ағысы өзгеріп, ақпарат ағымы жөңкілген заманда дүниені Смартсыз елестету мүмкін емес. Қоғам бұлжымастай Смарт қоғамға (Smart Society) байланды десе болады. Электрониканың мүмкіндіктері артып, өте жылдам дамуына сай, ақпараттық технологияларды қоғамның барлық саласында өте қарқынды қолданбасақөркенниет көшінен қалып қоямыз. Ауызекі тілде, қарапайым ортада айтыла бермейтін күрделі терминдер саны күн санап артып келеді. Осы сөздердің мән-мағынасына біздер үңіледе бермейміз. Солардың бірі — осы Смарт, яғни Смартфон, (Smart-Phone), Smart теледидар (Smart-TV) деп жалғаса береді. «Smart» деген не сөз? Ағылшынша Smart «ақылды» деген мағына береді екен. Технологиялық сипаттына үңілсеңіз осы мағынаға жуық. Қандай бір істі оңай атқаруды, ақылмен, әдіспен істеді дейміз. Сол сияқты заманға сай ақылды технология, ақылды техника, жан-жақты, ыңғайлы, ықшам дегендей. Өмірде, техника тілінде көп ұшырасатын автомобиль, аэромобиль, мобильді телефон сөздеріндегі «Моbile» ағылшанша — ыңғайлы, икемді, қоз-ғалмалы, шапшаң, шұғыл, жедел деген мағынада қолданылады екен. Онда мобиль дегеніміз — істі жылдам, ыңғайлы атқаратын құрылғы десек болады. Қазір мобильсіз өмірді елестете алмауға жеттік. Міне, бүгінгі айтылған жобамызда өмір, заман талабымен еніп отырған жобаның бірі екені даусыз. Әлем көшінен қалмау үшін, «Smart» «Моbile»-сіз алға баса алмаймыз. Себебі өркениетті елдерден жаңалық іздеген білімді азаматтар, ақшасын шашыпсеруен құратын туристер елімізге, өңірге келіп, киелі өңір, әсем табиғатты араласа, іргеде тұрған Бурабайға келсе, осы Смарт-мобиль жобасының көмегі көмектесетініне сенім артыңыз.
Сол үшін Рухани жаңғыру бағдарламасына «SMART» мобильді жобаны енгізу бүгінгі күннің талабы. Талаппен талғамға сізде, бізде сай болып, ақылды айфонды алақаныңызға сала отырып, Ақмола өңірінің киелі жерлерін, Бурабайдың тамаша табиғатын, ондағы Абылай хан алаңынан бастап, Қорғалжын даласындағы Жәнібек-Шалқар, Беспақыр сияқты мазар кесенелердің тарихымен қатарайдын көлдерінен құс төресі алқызыл Қоқиқазды тамашалауға мүмкіндігіңіз бар.

Дахан Шөкшир

(16)