ҚАУІПСІЗДІГІМІЗГЕ ҚАУІП ТӨНДІРГЕН ҚАНІШЕРЛЕР

 Кеңес империясының қанішер қызыл жендеттері лениншіл комсомолдың 100 жылдығын Қазақстанның барлық қалалары мен елді мекендерінде кеңінен дүрілдетіп тұрып тойлап жатуы — елдігімізге сын, ағайын.  Бұл ең алдымен комсомолдардың — Қазақ Елінің Тәуелсіздігіне «түкірдім» дегенін білдіреді.
Кеше қазақ мемлекеттігінің бастауында тұрған «Алашорданың» алтын бесігі Семей шахарында да қызыл жендеттердің бүгінгі Нұрлан Омаров бастатқан ізбасарлары бұрынғы комсомол басшылары бастағандар бар күштерін салып, қызыл жендеттердің 100 жылдығын керемет тойлағандары туралы ақпарат ғаламторға шығып кетті.

Тағы да ғаламтордан Қазақстандағы мектептерде қызыл галстук таққан қызыл пионерлерді көріп, жағамды ұстадым. Енді бұл орысқұлдар, яғни, тегінен тексіз құлдар қазақтың жас ұрпақтарының санасын ашық улауға кірісіп кеткендерін көріп, ана арсыздарға сөз таппай тілім байланды…
Бұл не деген сұмдық!
Бұл комсомолдардың Қазақ Елінің Тәуелсіздігін тәрк етіп, Ресейдің құлымыз дегендерін қалай түсінуге болады?
Ой, сұмдық-ай, құлдың аты — құл екен ғой!
Ана Тасмағамбетов, Әйтімова, Сұлтановтар – бұлардың шын мәнінде отаршылардың құлақкесті құлдары екенін өздерінің мойындауы, Ресейге деген «шексіз махаббаттарын ашық білдіруі — ең алдымен кешегі қызыл жендеттердің бүгінгі ізбасарларының әлі күнге дейін сол біз келмеске кетті деп жүрген Ресей бодандығын ашық мойындаулары деп ұғуымыз керек.
1986 жылы қазіргі «мәңгілік депутаттар»: Қ.Сұлтанов, Б.Әйтімовалардың 1986 ж. әйгілі Желтоқсанда, бірі өзін қызметте өсірген Д.Қонаевты Геннадий Колбинге ашық жамандап, зар илеп жылағанын, енді бірінің: «Колбин жолдас, мен ол қаншықтарды шашынан сүйреп алдыңызға әкеліп, жазалаттырам» дегенін сол кезде Желтоқсанға қатысқан, сол бір ұлттық қасірет туралы «Зобалаң» атты дастан жазып, Кеңес империясы кезінде, атап айтқанда 1990 жылы Мүнхен қаласындағы «Азаттық» радиосынан бір сағаттық радиопьесса жасалып, әлем толқындарын шарлаған әйгілі шығарманың авторы ретінде мына мен, ақын Жұмаш Көкбөрі, аналар жасаған сорақылықтарды әлі ұмыта қойғамын жоқ!
Сол кезде амалсыз іштерінен тынған қазақ халқы да ұмыта қойған жоқ!
Тәуелсіз Қазақстанның азаматы ретінде,  Қазақтай текті ұлтымның төл перзенті ретінде мен бұл қызыл жендеттердің ізбасарларын ашық айыптаймын!
Егер біздің мемлекетіміз шын мәнінде тәуелсіз мемлекет болса, осы мемлекеттің мәңгілік президентінің  Қазақстан Тәуелсіздігіне ашық түрде қауіп төндіріп отырған оларды мемлекет сатқындары ретінде халықтың алдында ашық жазалайтын немесе бүкіл ел болып, айыптайтын күн туғанын ашық айтамын!
«Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»(Абай), бұл қызыл жендет комсомолшыларды бүкіл ел болып, ашық айыптайтын сәт туды. Оян, Қазағым, сенің ендігі ұйқыңды тарих ешқашан да кешпейді. Осыны ешқашан да ұмытта Қазағым!..

(19)