Санкт-Петербургта Әлихан Бөкейхановқа естелік тақта орнатылады

Алаштанушы ғалым Сұлтан Хан Жүсіп Facebook парақшасында: «Алты Алаш көсемі Әлихан Бөкейхановтың 1890-1894 жылдары оқып бітірген бұрынғы Императорлық орман институты, қазіргі Санкт-Петербор мемлекеттік орман-техникалық университетінің Ғылыми кеңесі бас ғимаратының маңдайына өзінің даңқты түлегі Әлихан Бөкейханға естелік тақта орнату туралы ұсынысты мақұлдады. Ескерткіш тақта орнатуды аталған жоғарғы оқу орнының түлегі Майкен Әзенов ұсынып, Ғылыми кеңестің қарауына арнайы хат жолдаған. Тақтаны жасатып, орнатуды «Ақ жол» партиясы өз жауапкершілігіне алып отыр. Одан бөлек ұлт көсемінің қиян-кескі күреске толы ғұмырының ақырғы 15 жылын (1922-1937 жж.) өткізген Мәскеудегі Б. Кисловский орамы, 4 үйі мен Самара қаласындағы 1909-1917 жылдары тұрған Казанская көшесі, 30 (қазір 32 үй) үйіне де естелік тақта орнату ісі қолға алынды. «Ақ жол» партиясының Мәжілістегі фракциясынан Мәскеудегі Елшілікке тиесілі хат жолданды. Енді Мәскеуден хабар күтіп отырмыз»,— деп жазады.

(4)