Н.Назарбаев: Еліміз конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жасай алды

Әлемдік және  дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі

Қазіргі геосаяси, геоэкономикалық жағдайдың сәт сайын құбылып, ушыға түсуі әлем елдерін алаңдатып отырғаны белгілі. Сондай-ақ, ортақ жер шарын мекен еткен адам баласын жікке бөліп, текетірес жағдайына әкеліп отырған саяси және экономикалық мәселелермен қатар, діни түсініспеушілік және діни қақтығыстар екені де жасырын емес.

«Діни лидерлер қауіпсіз әлем үшін» тақырыбындағы аталмыш жиынға алыс-жақын 46 елден барлық әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдері, беделді діни лидерлер, саяси қайраткерлер мен халықаралық ұйым өкілдері-нен құралған 82 делегация қатысуда. Алқалы VI съезд аясында «Әлем ХХІ ғасыр» манифесі» жаһандық қауіпсіздік тұжырымдамасы ретін-де», «Құбылмалы геосаяси жағдайдағы діндер: адамзатты біріктіруге арналған жаңа мүмкін-діктер», «Дін және жаһандану: сын-тегеуріндер мен жауаптар», «Дін көшбасшылары мен саяси қайраткерлер экстремизм мен терроризмді еңсеру жолында»  атты төрт бағыт бойынша секциялық отырыстар өтеді деп күтілуде.
Алқалы жиынға ең мәртебелі қонақ ретінде Сербия Республикасының Президенті Александр Вучич, Әл-Азхардың Жоғарғы имамы шейх Мухаммад Ахмад ат-Тайеба, ЕҚЫҰ Бас хатшысы Томас Гремингердің келуі VI съездің абыройын асқақтатып жіберді.
Сербия Республикасының президенті Александр Вучич: — «Әлемдік қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қолымыз-дан келгеннің бәрін де жасаймыз. Бәріміздің мүддеміз, міндетіміз — өркениетті қорғау. Осы форумға қызығушылық танытуымыздың себебі — бұл жерде тұрақты диалогтың болуы. Дін лидерлері қазіргі таңда әлемдік деңгейдегі беделді тұлғалар болып табылады. Сондықтан олардың айтқан идеялары, негізгі ілімдері құндылықтарға негізделеді. Геосаясат өкілдерінің дін басшыларының сөздеріне құлақ аспайтын кездері бар. Ал түптеп келгенде әлемдік дін басшыларының идеясы — халықаралық құқыққа негіз болып отырғанын айта кету керек. Әрбір адамның жеке басын сыйламайынша, біз тұрақтылыққа қол жеткізе алмаймыз», — деп съзед жұмысына жоғары баға берді.
Дүниежүзі көз тігіп, жіті назарда ұстап отырған діндер арасындағы диолог алғаш ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылы шақырылған болатын. Бүгінде дүниежүзінің діни көшбасшыларын діни бейбіт диолог алаңына біріктіре алған съезд 15 жыл ішінде конфессияаралық және дінаралық қатынастар мәселелерін талқылауға арналған беделді халықаралық деңгейге көтеріліп үлгерді.
Сонымен қатар, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев атап көрсеткендей, алпауыттар «арпалысқан» қазіргі жаһандық текетірес жағдайында, еліміз «Конфессияаралық келісімнің қазақстандық моделін жасай алды».

Тілекгүл Есдәулет

(21)