Астана қаласында ауылшаруашылық жәрмеңкені ұйымдастыру бойынша ақпарат

2018 жылғы 13-14 қазанда

 Астана қаласында ауылшаруашылық жәрмеңкелерді өткізудің бекітілген кестесіне сәйкес 2018 жылғы 13-14 қазанда Астана қаласында Мұңайтпасов көш., 9 бойынша орналасқан  «Қазақстан» СК автокөлік қоятын алаңында Республика өңірлерінің қатысуымен Павлодар облысының ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің қатысуымен ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.

Ауылшаруашылық жәрмеңкеде облыстың барлық өңірлерінің 100-ден астам қайта өңдеуші кәсіпорындары мен ауылшаруашылық құрылымдары қатысады, олармен 150 млн. теңге сомасына 541 тонна көлемінде өнім әкелінеді, оның ішінде біздің облысымызда өндірілетін 55 тоннадан астам ет және ет өнімдері, 220 тонна картоп, 120 тонна көкөністер және 146 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімдері.

Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша павлодарлық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өнімі астаналықтарда үлкен сұранысқа ие және жәрмеңкені ұйымдастыру кезеңінде толығымен өткізіледі. Қалалықтарда ет өнімдері, картоп және көкөністер өте танымал.

Павлодарлық кәсіпорындар келісуге боларлық бағаларға қатысты азық-түлік өнімдерінің кеңейтілген ассортиментін астаналық тұрғындарға ұсынады.

Барлық Республикада және одан шет жерлерде бренді танымал «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Сағып» ШҚ, «РЭГТайм» ШҚ, «Крендель» ЖШС, «Зерноград» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС,  «Қызылжар-Құс» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтоғай Агро» ЖШС сияқты кәсіпорындар өзінің өнімін ұсынады.

Мерекелік бағдарламаны, іс-шараның музыкалық сүйемелдеуін «Шаңырақ» мәдени-сауық орталығының шығармашылық ұжымдары қамтамасыз етеді.

Павлодарлық өнім өткізушілердің жәрмеңкесіне келіңіздер!

(9)