Қос дәуірдің сардары

Алматыда Кеңес одағының Батыры,Қазақстан Республикасының  Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы С.Н. Нұрмағамбетовты құрметпен еске алу күні өтті.

Осыдан бес жыл бұрын 2013 жылғы 24 қыркүйекте Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстан Республикасының алғашқы Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов өмірден озған еді. БүгінАлматы қаласындағы  Төлебаев пен Жамбыл көшелерінің қиылысында мемориалдық тақтаға  гүл шоқтарын салтанатты қою рәсімі  өтті. Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовты еске алуға арналған салтанатты шараға оның туысқандары мен достары,  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің  ардагерлері мен Алматы өңірлік гарнизоны әскери қызметшілері,  Алматы  қаласы  Қорғаныс істері жөніндегі  департаменті басшылығы қатысты.

Халық  Қаһарманы Нұрмағамбетов Сағадат Қожахметұлы, ұлты-қазақ, 1924 жылы 25 мамырда Целиноград облысы Алексеев ауданында (қазіргі Ақмола облысы Ақкөл ауданында) дүниеге келген.

1942 жылы мектеп  партасынан Қызыл Армия қатарына шақырылып, Түркіменстанның  Кушка қаласындағы әскери училищеге жіберіледі. Оқуын бітірген соң 1943 жылдың сәуір айынан  Ұлы Отан соғысының  майдандарында болды. 1945 жылдың мамыр айына дейін пулемет взводының командирі, пулемет ротасының командирі, 5-екпінді армияның ІІ дәрежелі Суворов орденді  301 Донецк Берлин атқыштар дивизиясының  1052 атқыштар полкі құрамында атқыштар батальонының командирі лауазымында неміс-фашистеріне қарсы соғысқан.

1991 жылы 25 қазанда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік қорғаныс комитетінің Төрағасы, ал 1992 жылдың мамырында Қазақстан Республикасы  Қорғаныс министрі болып тағайындалып, аталмыш қызметтерді абыроймен атқарды.Ол жас мемлекетіміздің қорғаныс саласын нығайтуға аянбай, елеулі қызмет жасады.Еліміздің әскери, қорғаныс саласының қалыптасуына орасан зор үлесін қосты.

Армия генералы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов 1994 жылы 23 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен “Халық Қаһарманы” атағымен марапатталды.

1995 жылдыңқарашаайында армия генералы атағыменотставкағашықты.

СағадатҚожахметұлы Ленин, екіҚызылЖұлдыз, 1,2- дәрежеліОтансоғысы, Қызыл Ту, “Құрметбелгісі”, Октябрь революциясы, “Отан” ордендерімен,көптеген медальдармен, шетелдердің орден, медальдарыменмарапатталған.

1994 жылғы 23 мамырдаҚазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың   Жарлығымен Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовке Халық Қаһарманы атағы мен № 1 «Алтын Жұлдыз» табыс етілген.

Сонымен  қатар  Үкімет Қаулысымен Астана қаласындағы «Жас ұлан» мектебіне армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілген.

Халық қаһарманы Сағадат Қожахметұлы ел есінде  мәңгі сақталып, тарихта аты қала бермек.Қос дәуірдің сардарына қандай құрмет көрсетілсе де артық емес.Себебі,бұл – ұлылар алдындағы ұрпақ парызы.

 

Кристина Новикова, майор,

Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі

Департаментінің Баспасөз хатшысы.

(52)