Болашақтың ортақ тілі қандай?

Осындай сұрақтардың пайда болуының өзі жалпы ортаға қарай үлкен бір өзгерістің келе жатқандығының белгісі. Адами өмірдегі қоғамдық өзгерістердің де сондай дабылшысы бар. Жұмыр жерді жайлаған 6 миллиард халыққа түгелдей ортақ қазіргі буынның тілі аса берік фундаментті ірі державалардан шыққан соң да баршаға ықпалды боп тұр.
Еуропалықтар «прогрестің пір иесі Еуропа аспанынан басқа жаққа ауысты» — деп астындағы мінген атының айыл-тартпасын қатайта бастаса, «ертеңгі прогресс — бүгінгінің жалғасы болар» — деп Еуропаға қарай бар есігін ашып қойған азиялықтар жүр.
Көкжиектегі замана талабына ұшқыр оймен барлау жасау кімге болса да өте қажет. Келе жатқан прогрестің алдынан шығып, қонақжайлылық таныту — жаңа қазақтың міндеті. Әйтпесе, ол төріңе түнемей кетеді.
Қай жағынан алып қарасаң да ондай биіктегі үміттен мүлдем ада боп тұрған, әрине біздің — ана тіліміз. Өйткені қазақ тілі «ештеңеге жарамсыз». Ана тілдің жанашыры боп жүрген жақсы жігіттердің ішкі мұңы да осы тілдің әлсіздігі жайында. Бұндай үрей бізде ғылыми дәлелді ме? Әрине, бәрінің тілге тиек ететіні, техникалық терминдермен байланысты «жоқшылық». Одан соң аз санды халық екеніміз, тілдің беделін көтеруге кедергі жасайтындай пессимизм дәл осы сәтте үстем. Бір қарағанда онымыз орынды секілді. Биіктен лаулайтындай ана тілдің шам-шырағы көзге көрінбейді. Әйтсе де, «сондай шамды көруге кедергі жасайтындай оптикалық мүкістік көзімізде жоқ па?» — деген сұраққа біз неге ойланбаймыз?
Көлеңкеңмен өлшейтін аяқ астынан арғыны көрмеу — кемтарлық. Оған қоса, біздегі алысты көру қабілетін жасанды түрде тұмшалаған «еуропейский подход» көзәйнегі кигізіліп тұр. Көру кеңістігін осы «көзәйнектегі» оптикалық күш шешеді. Сондағы диоптрия мөлшеріне қарай бойды билеген пессимизм бар. Пессимизм мойынға мініп алған соң, баяғыдан жолдас боп келген құлдық психология өз құшағынан әлі босатар емес. «Орыстың үстемдігінен әрең құтылғанда енді келіп қытайлар басып алады-ау» деген жеке кісідегі ішкі үрей содан. Ағайындар-ау, алдын ала өйтіп қорқуың психологиялық түрде дұрыс емес. Көп санды сол Қытайдың ана тілі, мынау төрдегі аз санды халықтың қазақ тіліне ертеңгі күні бағынышты боп қалады-ау деген екінші бағыттағы ішкі жанашырлық сіздерде неге жоқ? Тек қана бір бағытта қорқа беру — қауқарсыздық. «Білімді мыңды жығады» дегендей, 15 млн. қазақтың әрбіреуі өзінің білім деңгейімен мың Қытайға қарсы іліми текетіресті бастауға ерікті. Бұның мүмкін екенін естен шығармаған жөн шығар. Білімсіз пенде — қорқақ. Ал дүниетанымы таяз кісі ештеңеге сенбейді. Қарудың күшімен жеңу — уақытша алданыш. Демек, Шығыстағы көршіміз қайта бізден қорқуы тиіс. Мұндай көзқарасты қазір тіл білімі ғана тудыра алады. Өйткені, тіл білімі — филология ғылымының ғана меншігі емес. Әлемдік ғылымдардың ортақ кодын ұстаған зор «патшасы» да.
Білімсіздік басқан мынау кезде, қазақтың сөздік қорынан кірме сөзді іздейтіндер шықты. Халықаралық терминдерді қазақшалау деген ермек пайда болды. Бұл дегенің өзіңіз үстінде отырған үлкен ағашты діңгегінен аралап тастау екенін ертең көрсетер апатты жағдай. Қазақтың сөздік қорынан кірме сөздерді іздестіретін ғылыми нәпақа да сауатсыздықтың бір түрін танытады. Айналып келгенде, ана тілімен байланысты басты келеңсіздікті осы саладағы ғалымдардың өзі кеше ұйымдастырыпты. Бұндай ғылыми орта, бізді әлемдік аренаға қалай көтереді? Қандай фундаменталды іліміне сеніп, жаңа прогреске ұмтылмақ? Бір ғасыр бойында орыстардан көшіріп келген тіл ғылымы ешкімді де биіктерге жетелей алмасы анық. Уақыт талабы біздің көңілдегідей мамыражай емес.
Өткен ХХ ғасырдың екінші жартысында екпіндей ендеген «қару-жарақты жетілдіру» мәселесі Англиядағы соғыс техникасын шарықтату шыңына дейін жеткізіп берді. Планеталық театр сахнасындағы спектакльдердің шымылдығын да ең соңында Англия жабары сөзсіз. Күштілердің де өзара салыстырмалы түрдегі заңғар биігі бар. Соған шығып болғаны ары қарай қайда барады? Мінеки, сол биік шыңнан еңіске түсе бастаған сәтте БҰҰ жүйесі ағылшын тілін қайтеді? Одан соң ұйымдасатын жаңа жүйе, ары қарайғы әлемге ортақ қып қандай тілді ұсынады? Бұған дәп осы сәтте ойлану бәрінен бұрын қазаққа қажет. Өйткені, келешектің ортақ тілі: «Алласи Тил Лллаһиллаһати Умайати Анати» — боп Аллладан бұйыртылған.
Дінсіз өмірдің мәнсіз екеніне, әлемдік соғыстан кейін барып көзі жететін планета халықтары одан ары қарай тіл жайында дұрыстап ойлануға түгел кіріседі. Ойлану үстінде анау Ата тілді еске алады. Бүгінгі халықтар — сол Ата тілді кеше де бөлшектеп алғандар. Бір кісінің он баласы сол үйдегі бар мүлікті онға бөліп әкетіп, ары қарай өзінің атымен атап алғандай тілдік бөліс Умай Ана тұрған төрде баяғыда өтіпті. Бөліп алған бөлшек «заттарын» әр ұрпақ өзінше түр өзгеріске түсіріп, келе-келе танымастай жаңғыртқан. Жаңа ұлттың ана тілін олар өстіп жасады. Сондықтан да түп Ата Тилді бұлар естімегендей күй кешуде. Әйтсе де, сол Тилдің жасырын атауы қазіргі мұсылман әлемінде ғана сақтаулы. Осындай себептен де ертеңгі өмірде қолданылатын ортақ Тил мұсылмандардың мәртебелі қолымен биіктейді. Бұндай келешекті мұсылмандарға қиғысы келмей, қарсы көтерілген қара күш иесі 2001 жылғы «11-қыркүйек оқиғасын» сылтау етіп, Азия бетіне қаһарын төгуде. Мұсылмандарды қырып-жоюға бола сылтау болған бұл оқиғаның іске асуындағы практикалық жетекшісі Англия екенін әлем біледі. Әйтсе де сол «11-қыркүйек оқиғасы» — жер бетіндегі ортақ тилдің келешегі үшін жасырын қалыпта күресіп жатқан рухани қарсылас майданды ашық көрініске еріксіз шығартты! Жұмыр бастыдағы діни сенімдер мен бойдағы рухани беріктік дәрежесін арнайы түрде қатал сынайтын қысқа бір сәт туды. Бар болғаны үш жеті жылдықтан тұратын бұл уақыт циклының басы сол 2001 жылы айқындалды. Аяғы 2022 жылға барып тірелгенше, біз күткен жеңісті Тилдің өзіндік атауы да әлем алдында бой көтеріп шығары анық. Бұл анық. Осындай себептен де қытай тілі бізге ықпалды болмасына сеніңіз. Алайда бұндай тілді де бүгінгі қазақтардың жақсы дәрежеде білуі бірінші қажеттілік. Ағылшын тілі де меңгерілсін. Енді біраз жылдан кейін ондай дұдық бейнелі тілді таппай қаласың. Жалпы алғанда кез келген ұлттың бар тілін үйренуге бүгінгі сәтте өте ынталану қазақтарға ұтымды. Сонда барып, өзіңдегі Ана тілдің шынайы кәусар бұлақ екенін сезінесің. Оның ертеңгі көкжиегі қаншалықты Күн сәулелі боларына сенесің. Жаһандануға ілесе білу дегенің қазақ тілін танып-білуден басталады, ағайын. Жаңа прогрестің басты талабы ертеңгі тіл білімінде тұр. Содан соң барып магнитті жол үстімен ұшқыр пойыздар зулайды. Алматы мен Каирдың арасында жүрдек аэромобильдер пайда болады.

Мағрипа Жылқыбаева,
физика-математика ғылымдарының
кандидаты, доцент

(20)