Ағынды менің Ақсуым, Ақырып әлі ағасың…

деген өлең жолдарын арнаған қазақтың аса дарынды, арынды ақыны Ілияс Жансүгіровтың  туған  жері  Алматы облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан  80 жылдық тарихы бар Ақсу ауданының Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа жариялаған үндеуін орындау бағытында қол жеткізген жетістіктері мен ағымдағы жылы атқарылатын жұмыстар жөнінде Ақсу ауданының әкімі Әділбек Далбағаевпен болған әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.

Рухани жаңғыру — ұрпаққа тағылым

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар; рухани жаңғыру» тарихи бағдарламасы өңірімізге тың серпіліс әкелді. Осы бағдарлама талаптарын жүзеге асыру мақсатында 2017-2018 жылдары барлық 17 ауылдық округтерде, мекемелерде, аудан активінде кеңінен талқыланып, алдағы кезеңде атқарылатын жұмыстың іс-шарасы жасалды. Осы тарихи маңызы бар бағдарламаны халыққа кеңінен түсіндіру үшін тұрғындармен 122 кездесу, саяси партия филиалдары, үкіметтік емес ұйым, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен 6 әңгіме, 41 дөңгелек үстел, 7 букроссинк, 4 семинар өткізіліп, 51 мәдени көпшілік шара ұйымдастырылып, барлығы 282 іс-шаралармен 25 мың 396 адам қамтылды. Әрине, осы кездесулерде айтылған ұсыныс-пікірлерді ескере келе «Білім және Тәрбие», «Атамекен», «Рухани қазына», «Ақпарат толқыны» кіші бағдарламасы аясында іс-шаралар реестрі мен желілік кесте жасалып тиісті шаралар жүзеге асырылуда.


Оның ішінде аса маңызды «Туған жер» жобасы бойынша 2017-2020 жылдары арасында демеушілердің қаржыларымен ауданда 403 млн. 100 мың теңгеге 18 жоба қарастырылды. Өткен жылы олардың 5-і аяқталды. Жалпы қаражат сомасы — 149 млн. 400 мың теңгені құрады. 2018 жылы құрылысы жалғасып жатқан нысандар саны — 6. Жалпы қаражат мөлшері — 94 млн. теңге. Әрине, бұл жақсы бастама өңірдің қалталы азаматтары мен кәсіпкерлерінің көмегімен жүзеге асырылатыны көңілге қанағат әкеледі.
Биылғы жылға қарастырылған қаражат көлемі 93 млн.теңгені құрады. Олар: 68 млн. теңгеге Жансүгіров ауылында мемлекеттік жеке серіктестікпен 50 орындық 1 балабақша ғимаратын салу, 16 млн.теңгеге Кеңжыра ауылында мешіт ғимаратын салу, 2 млн. 500 мың теңгеге Қаракөз, Көлтабан ауылының кіреберістегі аркасын орнату, 3 млн. 500 мың теңгеге Есеболатов ауылында жастар саябағын, Көкөзек ауылында көше жарығын 3 млн.теңгеге орнату.
Алдағы 2019 жылы Жансүгіров ауылында 20 млн.теңгеге дарынды ақын туған жердің түлегі Ілияс Жансүгіровтің ескерткішін орнату және демеушілердің көмегімен 15 млн.теңгеге Қаракөз ауылдық клубының ғимаратын салу жоспарланып отыр.
Біздің тарихы терең ауданымызда соңғы бес жыл бойы «Туған жерге туыңды тік!» акциясы осы өңірден шыққан меценат азаматтардың арқасында кеңінен қолдау тауып келеді. Жансүгіров, Матай ауылдарында әлеуметтік нысандар мен Жансүгіров ауылындағы тұрғын үйге мұқтаж кезекте тұрған, әлеуметтік жағынан аз қамтылған 8 отбасын пәтермен қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалын ұйымдастыру және де басқа біршама игі жұмыстар осындай жандары жомарт азаматтардың ықпалымен жасалды. Бұл сөз жоқ өсіп келе жатқан жас ұрпаққа үлгі-өнеге болар тағылымды іс. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта өз жалғасын таппақ.

Ауыл — азық-түліктің қайнар көзі

Ежелден ауыл диқандары мен малшыларының халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету барысындағы үлесінің зор екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Сонау бір жылдары тоқырап, қиыншылық көріп қалған ауылшаруашылығы дамып, жаңа бағытқа бет бұрды деп айта аламыз. Жылдан-жылға ауданның көрсеткіштері дамып жақсарып келеді. Өткенге көз жіберсек мына бір көрсеткіштерді айта кетер едім. 2017 жылдың есепті мерзіміне өндірілген жалпы өнім көлемі — 27 млрд. 54 млн. теңге, нақты өнім көлемі 2016 жылмен салыстырғанда 103,7 пайызды құрады, оның ішінде: мал шаруашылығы өнімдері — 11 млрд. 749 млн.теңге, егін шаруашылығы өнімдері — 15 млрд. 225 млн. теңге, қызмет үшін — 80 млн. теңге.


Біздің басты мақсатымыз жылдан-жылға ауылшаруашылығы дақылдарын егетін жер көлемін ұлғайту болып отыр. Өткен жылы 59 мың 067 гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары себілді. Бұл бір жыл ішінде 1368 гектар жер айналымға енгенін көрсетеді. Биылғы жылы 59300 гектар алқапқа дақылдар себілді. Оның ішінде: дәнді дақылдар — 30500 гектар, майлы дақылдар — 15274 гектар, қант қызылшасы — 2000 гектар, картоп, көкөніс, бақша — 2226 гектар, мал азығы дақылдары — 9300 гектар. Соңғы кездері көтеріліп келе жатқан мәселе — ауылдардағы өзін-өзі қамтып отырған жеке шаруаларды біріктіріп, сүт, ет өндіру бағытында ірі ауылшаруашылық кооперативтерін құру. Осы бағыт бойынша ауданда 5 кооператив құрылды. Етті бағытта 1, сүтті бағытта 3, биязы жүнді қойдың жүнін дайындайтын 1 кооператив жұмыс істеуде. Бұл да бір өте тиімді шешімдердің бірі. Оны уақыттың өзі дәлелдеп отыр.
Ал енді мал шаруашылығына келетін болсақ өткен жылы ет өндіру 104,8 пайызға өсті, яғни 13346 тоннаны құрады. Сүт 104,8 пайызға, жұмыртқа 100 пайызға (3379 мың дана) өсті. Ірі қара мал: жылқы, түйе, сиыр, қой-ешкі бастары, үй құстары саны да өсіп отыр. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 300 бас сиыр сатып алу жоспарланған. 598 бас сиыр алынып, жоспар 199,3 пайызға орындалды.
«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 600 бас қой сатып алу жоспарланған. 893 бас сатып алынып, жылдық жоспар 148,8 пайызға орындалды. Жоспарға сәйкес «Құлан» бағдарламасы бойынша 100 бас жылқы сатып алынып, жоспар 100 пайызға шықты. Бұл мал шаруашылығы да жүйелі түрде дамып келе жатқанын көрсетеді. Осындай игілікті шаралардың басы-қасында ауыл диқандары мен малшылары жүргенін ерекше айтқым келеді. «Көп түкірсе көл» дегенде қазақтың мақалы бар. Ауыл — азық-түліктің қайнар көзіне айналып отыр.

Жер — басты байлық

Ата-бабамыз мұра қылып тастап кеткен жердің қадірін біліп өстік. Ауыл адамдарының жерге деген көзқарасы бүгінгі күні түбегейлі өзгерді. Сондықтан талапқа сай жерді тиімді пайдалану туралы тиісті шаралар жүзеге асырылып жатыр. 2017 жылы 17 ауылдық округ толығымен тексеріліп, жалпы алаңы 8347,16 гектар жер, мұның ішінде: 708,32 гектар суармалы егістік жер, 3128,72 гектар тәлім егістік жер, 248,93 гектар шабындық жер, 4261,19 гектар жайылым жер пайдалынылмай жатқаны анықталды. Бұл жерлердің 968 гектар жердің иелеріне жер инспекциясы арқылы шара қолданылды. 242,0 гектар жер ауданның арнайы қорына қабылданды. 1713 гектар жер түсіндіру жұмыстары нәтижесін-де қайта пайдаланылды. Қалған 5424,16 гектар жер Әділет басқармасына иесіз мүлік ретінде тіркелді. Заңға сәйкес шешілгеннен кейін өтініш білдірген шаруаларға бөліп беріледі.
Аудандағы қуанышты жағдайдың бірін — ол былтырғы жылы Қызылағаш су қоймасының жаңа нысан құрылысы басталғаны деп айтуға болады. Жалпы құрылыстың құны 5 млрд. 610 млн. теңгені құрайды. 2017 жылы республикалық бюджеттен құрылысқа 1 млрд. 800 млн. теңге бөлінді. Биылғы жылы бұл құрылысты жалғасты-ру үшін 3 млрд. 600 млн. қаражат қарастырылған. Сонымен қоса ирригациялық жүйелерін қалпына келтіру үшін Ислам даму банкі арқылы 5 млрд. 100 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары осы жылдың мамыр айында басталады. Нысан толығымен пайдалануға бергеннен кейін ауданымызда қосымша 6 мың гектардан астам суармалы егістік жер пайдалануға беріледі. Бұл ауыл тұрғындарының әлеуметтік жағдайының жақсаруына өзіндік үлес қосатыны сөзсіз.

Ақсу қант зауаты іске қосылды

Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Ақсу қант» зауытын жүргізу мақсатында ауданда үлкен ауқымды жұмыстар атқарылды. Соның нәтижесінде зауытты қайта қалпына келтіру үшін инвестор ретінде «Энерго Мост» ЖШС мен «Жетісу» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы тартылды. Өткен жылды есептегенде зауытты толық қайта жабдықтау 3 жылға жоспарланған. Бұл жұмысты іске асыру үшін жалпы 15 млрд. теңге көлемінде қаражат жұмсалады деп жоспарлануда.
2017 жылы қант зауытына 6 млрд.240 млн. 382 мың теңге инвестиция тартылуының арқасында, зауыт 10 жылдан кейін өзінің жұмысын қайта бастады. 500-ден астам адам жұмыспен қамтылып, қант қабылдау пунктіне 80 мың тонна қызылша қабылданды. Биылғы жылғы жоспар — 120 мың тонна.
Бүгінгі таңда зауытта модернизация жұмыстары жүргізілуде. Жаңа құрылғыларды орнату, цехтарды күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізу көзделуде. Осы мақсатқа 2 млрд. 515 млн. 580 мың теңге жұмсалу жоспарлануда.
Ақиқатын айтсақ ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына зор септігін тигізетін қант зауытын жандандыру өңір тұрғындары үшін зор қуаныш болды. Негізінен жергілікті тұрғындардың малмен, жермен күнелтетіні белгілі. Ал сонау жылдары қант қызылшасын өсірумен аты шыққан аудан үшін зауыттың қайта ашылуы жылма-жыл қызылша алқабын ұлғайтуға, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға ықпал етті. Биылғы жылы өнеркәсіп өндірісінің бекітілген жоспары — 4 млрд. 850 млн. теңге.

Құрылыс жұмысы жандануда

Аудан бойынша жекеменшік есебінен салынған тұрғын үйлер көлемі 2017 жылы 2024 ш.м. құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 104,9 пайызды көрсетті.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 4 млрд. 445 млн. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 161,5 пайызға шықты.
Тарас ауылындағы негізгі мектепті қайта жаңарту және жапсарлас дене шынықтыру залын салу бойынша өткен жылға құрылыс жұмыстарының басына 200 млн. теңге қаражат бөлінсе, 2018 жылы бұл жұмыстарды аяқтау үшін қосымша 239 млн. 401 мың теңге берілді.
Қаракөз ауылындағы жаңадан 120 орындық мектеп 25 орындық мектепке дейінгі шағын орталығымен салу үшін 655 млн. 888 мың тенге қажет еткен. Осыған орай құрылысқа 2017 жылы 50 млн. тенге қаражат бөлінді, ал биылғы жылы қалған 605 млн. 888 мың тенге қаражат бөлініп отыр.
Құрақсу ауылындағы негізгі орта мектебін күрделі жөндеуден өткізу үшін облыстық бюджеттен 103 млн. 802 мың теңге қаражат бөлінді, ағымды жылдың тамыз айында нысан пайдалануға беріледі.
Биылғы жылы Көкөзек және Кеңжыра ауылдарының мектеп ғимаратында орналасқан шағын орталықтарын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 84 млн. 716 мың теңге бөлініп отыр.
Осы жылы аудан орталығында 180 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстары басталады. Бұл жұмыстардың мерзімі екі жылға жоспарланғандықтан, оған биыл 300 млн.теңге бөлініп отыр. Жалпы құрылыс құны 754 млн.теңге құрайды.
2018 жылы Жансүгіров ауылында 20 жеке тұрғын үй инженерлік-коммуникациялық жүйелерімен салу үшін 140 млн. теңге қаражат бөлінді. 2017 жылы ауданымызда 13 учаскелік полиция пунктерімен қызметтік тұрғын үйлері салынды. Жалпы 13 құрылыс нысандардың соммасы 246 млн. 394 мың теңге құрады.

14 отбасы жаңа пәтер кілтін алды

Елбасының бес әлеуметтік бастамасының орындалуы әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беретіні анық. Осы орайда Астананың 20 жылдық мерейтойының қарсаңында Ақсу ауданында 14 үйдің құрылысы аяқталып, тұрғындарға пайдалануға берілді.
2017 жылдың 10 қазанында Жансүгіров ауылдық округте тілсіз жаудың салдарынан тұрғындар баспанасынан айрылған болатын. Осы орын алған төтенше жағдайлардың алдын алу үшін, өткен жылы өрттен зардап шеккен көп пәтерлі үйдің тұрғындарына үй салу құрылысы басталған. Міне араға жыл салып осы тұрғындар-ға 14 үйдің кілтін салтанатты түрде облыс әкімі-нің орынбасары Ләззат Тұрлашов табыстады.
— Ең қысқа мерзімде отандық өнімді пайдалана отырып ауыл тұрғындарына керемет, əсем баспана бой көтерді. Баспанасынан айрыл-ған отбасылардың игіліктеріне бүгін міне облыс əкімінің тапсырмасымен пәтерлер пайдалануға беріліп отыр. Қоныс құтты болсын. Жаңа баспананы Астананың 20 жылтық мерейтойының тартуы деп қабыл алыңыздар,— деп лауазым иесі ізгі тілегін білдірді.
Жаңа пәтердің кілтін алған Жансүгіров ауылдық округінің тұрғыны Жанелбек Күлəнда өз сөзінде:
— Халықтың қамын ойлап баспана мəселесін оң шешіп берген облыс, аудан əкімдеріне алғысымыз шексіз. Кең сарайдай жаңа үйдің кілтін алу бақытын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұндай баспанаға қол жеткізу мүлдем ойымызда болған жоқ. Отбасымызбен қуаныштымыз, — деп ақ тілегін жеткізді.

Жолдарды жөндеу — игілікті іс

2017 жылы елді мекендердің көше жолдарын жақсарту мақсатында облыстық бюджеттен 164 млн. 400 мың теңге бөлінген, оның ішінде жоғарыда айта кеткендей Жансүгіров ауылының көше жолдарын орташа жөндеуден өткізу үшін 98,0 млн теңге, ал 6 елді мекен көшелерін ағымды жөндеуден өткізу үшін 66 млн. 400 мың теңге бөлініп жұмыстар жүргізілді. Қапал ауылының көше жолдарын күрделі жөндеуден өткізу үшін 3 млн. 449 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттама әзірленді. Жөндеу жұмыстары сумен жабдықтау жүйесін реконструкциялау жұмыстары аяқталған соң басталады.
Ауданымыздын көше жолдарын паспорттау және диагностикалау жұмыстарын жүргізу үшін 11 млн. 574 мың теңге бөлінген, оған 299 шақырым құрайтын көше жолдарына тиісті жұмыстар атқарылды.
Биылғы жылы елді мекендердің көше жолдарын жөндеу үшін облыстық бюджеттен 172 млн. 917 мың теңге бөлініп отыр. Оның ішінде Жансүгіров ауылының көше жолдарын орташа және ағымды жөндеуден өткізу үшін 31 млн. 584 мың теңге бөлінсе, Сағабүйен, Сағакүрес, Кенжыра, Есеболатов, Жаңалық, Кеңғарын, ауылдарының көше жолдарын орташа жөндеуден өткізу үшін 141 млн. 333 мың теңге жұмсалады.
Облыстық маңызы бар жолдар бойынша өткен жылы «Алматы-Өскемен-Қапал-Арасан шипажайы» жолында 48-77 шақырым аралығында (Қапал мен Арасан ауылдарының арасы) орташа жөндеу жұмыстары жүргізіле басталды, биылғы жылы осы жұмыстар толығымен аяқталады. Бұл жұмыстарды іске асыру үшін 2017-2018 жылдар аралығында облыстық бюджеттен 570 млн. 192 мың теңге қаражат бөлінді.
2016 жылы Алматы-Өскемен-Кенжыра ауылына кірме жолында басталған орташа жөндеу жұмыстары былтыр толығымен аяқталды. Сонымен қоса ауданымызда орналасқан облыстық маңызы бар жолдарының 84 шақырымына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Биыл Суықсай ауылындағы Бүйен өзеніндегі көпірді қайта салу үшін облыстық жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары басқармасы арқылы жобалық сметалық құжаттамасы әзірленуде. Осы жылы сметалық құжаттама мемлекеттік сараптамадан өткеннен кейін құры-лыс жұмыстары басталады. Сонымен қоса Суықсай мен Арасан ауылдарынын аралығында-ғы жолды орташа жөндеуден өткізу үшін 1 млн. 58 мың теңгеге жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Құрылыс жұмыстары осы жылдың шілде-тамыз айларында басталады деп кутілуде.
Биылғы жылы Балқаш көлінің туристік клас-терді дамыту мақсатында Алматы-Өскемен-Лепсі-Ақтоғай облыстық маңызы бар автомобиль жолының 0-35 шақырымында реконструкциялау жұмыстары жүргізіледі. Осы жылы Алматы-Өскемен республикалық маңызы бар автомобиль жолында реконструкциялау жұмыстары баста-лып, бір-екі жылда бұл жұмыстар аяқталғаннан кейін ауданымыздың дамуына үлкен үлесін қосатыны мәлім.

Жұмыспен қамту және шағын кәсіпкерлікті дамыту басты назарда

Елбасының төртінші бастамасы «Шағын несие беруді көбейту» өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында кәсіпкерлікті дамыту туралы тапсырмасының орындалуы ауданда бақылауға алынған. 2017 жылға кешенді жоспар 1582 адамды қамту болса, соның 1672 адамы толық қамтылды, жоспар 105 пайызға орындалды. Жаңа жұмыс орындарының ашылу жоспары — 651 болып, ашылғаны — 651, 100 пайызға орындалды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту шараларының жоспары бойынша 26 адам тұрақты жұмысқа ор-наластырылды. 2018 жылы кешенді жоспар 1766 адамды қамту болса, қазіргі кезде 261 адам толық қамтылды. Жаңа жұмыс орындарының ашылу жоспары — 670 болса, қазіргі кезде ашылғаны — 107, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту шараларының жоспары — 7 адам, орындалғаны 4 адам. Сонымен қатар 170 адамды кәсіпкерлік оқуға жіберу жоспарланып, бүгінгі күнге 83 адам жіберілді. Жастар практикасының жоспары 33 болса, 29 жастар жіберілді. Әлеуметтік жұмыс жоспары 38 болса, ол 100 пайызға орындалды. Ауданда белсенді шағын және орта бизнес субъектілерінің саны — 2820, жұмыспен қамтылғандар саны — 8461 адам.
Шағын және орта бизнес субъектілерінің өткен мерзімдегі өндірген өнімдерінің көлемі — 2 млрд. 380 млн.теңге болып, бюджетке түскен салық төлемдері 230 млн. теңгені құрады.
Аудан тұрғындарына 335 шағын кәсіпкерлік нысандары қызмет көрсетуде. Ағымдағы жылы 7 сауда және қызмет көрсету нысандарын ашу жоспарланған, жыл басынан 3 сауда нысаны ашылды. Сонымен қатар бұрынғы аудан орталығындағы әмбебап дүкенінің ғимаратында күрделі жөндеу аяқталып, замануи сауда орталығы іске қосылды. 2018 жылы бекітілген жоспар бойынша шағын және орта бизнес субъектілері-нен — 250 млн. теңге салық түсімдері күтілуде.

Түйін сөз:
Бір мақала көлемінде аудандағы атқарылып жатқан ауқымды істерге, тыныс тіршілікке қысқаша тоқталып өттік. Қырық мыңнан астам халық мекендеген Ақсу ауданының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіші жылдан-жылға жақсарып келеді. Аудан әкімдігінің жұмысында жетістіктермен қатар олқылықтар да кейде орын алып жататыны жоқ емес. Қазақта «Көш жүре келе түзеледі» дегенде мақал бар. Сондықтан алдағы жылдары жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайы жақсарып, аудан көш басынан көрінеді деген сеніміміз бар.

Нұрила Бектемірова

(37)