Даму жобалары даңғыл жолмен жарысқан Шу

Жамбыл облысы Шу ауданында 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында жалпы шығарылған өнім көлемі 18 млрд. 091,4 млн. теңгені құрап, 2017 жылмен салыстырғанда 113,0 % болды (2017 ж-16003,4 млн.).
Өнім өндіру көлемінің құрамында өнеркәсіп саласы 2232,9 млн. теңгені құрап, үлесі 15,8 %, ауылшаруашылығы өнімі 27,7 %, байланыс және көлік қызметі 1,2 %, тауарларды, қызметтерді өткізу көлемі 37,7%, құрылыс 20,8% болып отыр.

Өнеркәсіп саласы

Ауданның өнеркәсіп саласындағы өніммен көрсетілген қызмет көлемі 2232,9 млн. теңге, физикалық индекс көлемі 104,5 %-ға орындалды.
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 1131,0 млн. теңгеге орындалды, нақты көлем индексі 131,4%.
2010-2014 жылдары ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасының бірінші бесжылдығы шеңберінде 2 жобаның жалпы құны 1 млрд. 562 млн. 408 мың теңге және 1 жоба 5,7 млн. АҚШ долларын құрап, барлығы 3 жоба іске асырылған болатын. «Каz Ir Agro» ЖШС — сұйық май өңдеу зауыты, «Бірлік энерго» ЖШС — мұнай өнімдерін өңдеу зауыты, «А&Т Энерго» ЖШС — Тасөткел су элктрстансасы.
Осы нысандарда 72 жаңа жұмыс орны ашылып, 2018 жылдың қаңтар-мамыр айында бюджетке 10,1 млн. теңге салық түсті.
2014 жылы Республикалық деңгейде индустрияландыру картасына енгізілген «Тараз химиялық паркі» АЭА БК» АҚ инфрақұрылымының құрылыс жұмыстары жобаны жүзеге асыру кестесіне сәйкес құры-лыстың І кезеңінің басталуы 2014 жылдың наурыз айында, ал аяқталуы 2018 жылдың ІV тоқсанына жоспарлануда.

Жалпы «Тараз химиялық паркі» АЭА-да тіркелген 8 қатысушы

9 жоба бойынша жұмыстар жүргізуде. Жобалар:
1. «Хим-плюс» ЖШС-і Жобаның құны — 132 314 млн. теңге. 1) «Глифосат (гербицит)» және «үштекті фосфор хлоры өндірісі» біріктірілген химиялық комплексі жобасы және 2) «Каустикалық сода» өндірістерінің қуаттылығы жылына 100 000 тонна өнім өндіретін болады. Іске асырылу мерзімі 2019 жыл IV тоқсан. Жоба іске қосылғанда 842 адам жұмыспен қамтылады.
2. «Qadam industries» ЖШС-і пестицид өнімі. «Тараз химиялық паркі» АЭА аумағынан 5 га жер телімі бөлініп беріліп, қуаттылығы жылына 2 мың тоннаға дейін пестицидтер және өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру. Жобаның құны 4 501 млн. теңгені құрайды. Жобаның іске асырылу мерзімі 2018 жылдың ІV тоқсаны. Жоба іске қосылғанда 89 адам жұмыспен қамтылады.


3. «Taraz Chemical production» ЖШС-і монокарбонатты майлы өндіріс қышқылдары (техникалық), рафинатталған қышқыл майлар өндірісі зауыты жобасының жалпы құны 498,0 млн. теңгені құрап, жобаны 2019 жылдың І тоқсанында іске қосу жоспарлануда.
4. «Өндірістік компания «НИКА» ЖШС-і перекис суы өнімі өндірісінің қуаттылығы жылына 33 000 т. перекис суы және 2 000 т. жоғары тазартылған перекис суы өнімін өңдеу жоспарланған. Жобаның құны 36 300 млн. теңге. Іске асырылу мерзімі 2018 жылдың ІV тоқсаны. Жоба іске қосылғанда 192 адам жұмыспен қамтылмақ.
5. «Inter marketing» ЖШС-нің құрғақ бутилдық ксантогендік натрий өнімінің өндіру көлемі 18 000 тонна. Жобаның құны 7 739 млн. теңге. Іске асыру 2018 жылдың IV тоқсаны. Іске қосылғанда 102 адам жұмыспен қамтылатын болады.
6. «Central Asia Chemical» ЖШС-нің перекис суы техникалық өнімінің бір жылға жоспарланған өндіру көлемі 8 000 тонна және алғашқы қалыптағы полимер этилені өнімінің бір жылға жоспарланған өндіру көлемі 60 000 тонна. Жобаның құны 92 361 млн. теңге. Іске асыру 2021 жылдың III тоқсанына жоспарлануда. Іске қосылғанда 180 адам жұмыспен қамтылатын болады.
7. «RM Industry» ЖШС. Тазалығы 99,9%-дан асатын жоғары таза молибден триоксиді өндірісі жылына 120 тонна молибден трикосидін (МоО3 формуласы) шығаруға жоспарланған. Жобаның құны 401,1 млн. теңге. Жобаны іске асыру 2018 жылдың IV тоқсанына жоспарлануда. Іске қосылғанда 28 адам жұмыспен қамтылатын болады.
8. «De plastic» ЖШС Полиэтилен қаптамасын шығаратын кәсіпорынның қуаттылығы жылына 15 000 тонна полиэтилен қаптамасы мен полиэтилен рулондарын шығаруға бағытталған. Жоба құны 3 381,6 млн. теңге. Жобаны іске асыру 2018 жылдың IV тоқсаны. Іске қосылғанда 39 адам жұмыспен қамтылатын болады.
9. «Record Сompany» ЖШС-і құны 16 млрд. 600 млн. теңгені құрайтын «шина және резина өнімдерін» өндіретін зауыт ашуға ұсыным білдірді. Аталған жобаның АЭА-да қатысушы ретінде тіркелуінің болжамды уақыты 2018 жылдың 4 тоқсаны.
10. «Грануферт групп» ЖШС. «Түйіршіктелген сульфомочевина, аммоний сульфаты және өзге де минералды тыңайтқыштар» жобасымен АЭА-ның қатысушысы болуға ниет білдірді. Жобаның құны 150 млн. теңге. Аталған жобаның АЭА-да қатысушы ретінде тіркелуінің болжамды уақыты 2018 жылдың 4 тоқсаны.
Салық түсімі:
01.01.2018 ж. 30.05.2018 ж. аралығындағы салық түсімі 95,9 млн. теңгені құрады. («Тараз химиялық паркі» АЭА БК» — 37,2 млн., «ХИМ-плюс» ЖШС — 58,7 млн. теңге).

Құны 358 млрд. теңге болатын 6 инвестициялық жоба

1.«Standardconstruction» ЖШС Шу қаласы масло-заводская №3 мекенжайында «Битум» зауытының құрылысын жүргізуде. Аталған зауыттың іске қосылу мерзімі 2018 жылдың ІІІ тоқсанына жоспарланған. Зауыт іске қосылған жағдайда 50 адам жұмыспен қамтылатын болады. Жобаның қуаты айына — 15 000 куб өнім өндіру. Жобаның жалпы құны: 2 млрд. теңгені құрайды.
2. Шу қаласы қант зауыты мөлтек ауданы аймағынан «ХОЗУ Агро Систем» ЖШС-нің «Қант қызылшасы мен қант құрағын өңдеу, қант және лимон қышқылын шығару» зауытының қуаттылығы: күніне 200 т. қант қызылшасын өңдеу. Іске асырылу мерзімі: 2018-2019 жылдар. Жоба жүзеге асқан жағдайда 60 жаңа жұмыс орыны ашылады.
Жобаның жалпы құны: 3 млрд.500 млн теңге.
3. «Агрогелиоэнергетика» Қазақстан-Қытай ғы-лыми-техникалық компаниясы» ЖШС Шу ауданында құны 272 млрд. теңге (800 млн. АҚШ доллары) болатын инновациялық технологиямен жабдықталған 5000 дана жылыжай құрылысын салуға ниет білдірді.
5. «Асылжер» ЖШС (Алматы қаласы) қант өнімін өндіретін зауыт құрылысын жүргізуге ұсыным білдірді. Құны 80 млрд. теңгені құрайтын жоба күніне 8000 т. қант қылшасын қабылдап, жылына 116 000 т. қант өнімін өндіреді деп жоспарлануда. Зауыт құрылысына 1000 адам, зауыт іске қосылғанда 300 адам жұмыспен қамту жоспарланған. Іске асырылу мерзімі: 2018-2020 жылдар.
6. «Комбайн Сази Иран» ЖШС Иран кәсіпорыны ауылшаруашылығы комбайндарын құрастыру зауытын ашуға ұсыным білдірді. Құны 1,5 млн. АҚШ долларын (510 млн теңге) құрайтын жоба жылына 20 комбайн құрастырады және 2018 жылдың 3 тоқсанында іске қосу жоспарланған.

Кәсіпкерлік саласы бойынша:
2018 жылдың 5 айында аудан бойынша жалпы тіркелген 6756 кәсіпкерлік нысандарда 17732 адам жұмыспен қамтылған. Барлық шағын және орта кәсіпкерлік сала бойынша, өндірілген өнім көлемі 5 066 243 мың теңге, ол жалпы шығарылған өнім көлемінің 28,0%-ын құрады.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау тетіктері бойынша 2018 жылдың
5 айында 3103 адамға 1 млрд. 672 млн. 025 мың теңге несие берілді.
Бөлшек сауда тауар айналымы 4330,1 млн. теңгені құрап, нақты индекс көлемі 108,2 пайызға орындалды,
Көтерме сауда айналымының көлемі 2495,7 млн. теңге. Нақты индекс көлемі 64,5 пайыз.

Ауыл шаруашылығы саласы

Ауыл шаруашылығы саласында 2018 жылы жалпы құны 5010,4 млн. теңгенің өнімі өндірілді физикалық индекс көлемі 102,9 %, оның ішінде егін шаруашылығы 1,2 млн.теңге физикалық индекс көлемі 100,0%, мал шаруашылығы өнімі 4815,1 млн. теңге физикалық индекс көлемі 102,9 %. Өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 258,6 млн. теңгеге артып, 105,4 %-ға орындалды. (2017ж-4751,8 млн. теңге).
Аудан бойынша 137 760 гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы егістік жер, оның ішінде 27 316 гектар суармалы жер, 110 444 гектар тәлімді егістік жерлер бар.
Егілген жер көлемі 106843 гектар, оған қоса 29500 гектар жерге пар айдалып, пайдаланылатын жер көлемі 136343 гектарды құрады.
Ауданда 2015-2019 жылдары көкөніс кластерін құру кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес Тасөткел магистралды каналының оң жақ жағалауындағы тәлімі жерлерді суармалы алқаптарға айландыру үшін Ескі-Шу, Жаңа жол, Бірлікүстем ауылдық округтерінде инфрақұрылымды дамыту жөнінде 76,1 млн. теңгеге 23,5 шақырым жерге электр жүйесі тартылып, аталған округтердің 5357 гектар жерін қамтиды
Тасөткел магистралды каналының оң жақ жағалауындағы көкөніс кластеріне игерілетін жер көлемі 9381,55 гектарды қамтиды. Биылғы жылы ЖСҚ-н мемлекеттік сараптамадан өткізу жұмыстарына облыстық бюджеттен 560,0 мың теңге каралды.
Бүгінде Шу ауданы бойынша, барлы-ғы 2,38 гектар 8 ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде жылыжай фермерлік жылыжайлар бар.

Тұрғын үй құрылысы

2018 жыл жалпы алаңы 10513 шаршы метрді құрайтын 84 жекеменшік тұрғын үй қабылданды, бұл өткен жылға қарағанда 21,6% пайызға жоғары. (2017 жылы 8691 шаршы метр).

Құрылыс
Құрылыс жұмыстарының көлемі есепті мерзімде 3758,2 млн. теңгені құрады, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2576,0 млн. теңгеге артып, орындалуы 317,9 % (2017ж-1182,2 млн.)

Бюджет түсімі:
2018 жылы қаңтар-мамыр айында мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар мен міндетті төлемдер түсімінің жоспары 1813,1 млн. теңге, нақты түскені 2550,0 млн. теңге.
2018 жылы қаңтар-мамыр айында мемлекеттік бюджетке түсетін салықтар мен міндетті төлемдер түсімінің жоспары 1813,1 млн. теңге, нақты түскені 2550,0 млн. теңге. Оның ішінде:
Республикалық бюджет — Кірістерінің 1 мамырға жоспары 217,2 млн. теңге, түскені 607,5 млн. теңге, орындалуы 279,7 пайыз.
Облыстық бюджет — Кірістерінің 1 мамырға жоспары 518,9 млн. теңге, түскені 569,6 млн. теңге, орындалуы 109,8 пайыз.
Аудандық бюджет — Кірістер жылдық жоспары 16 млрд. 265 млн. 74 мың теңге, 1 маусымға жоспар 6 млрд. 862 млн. 794 мың теңге, 1 маусымға түскені 7 млрд. 159 млн. 631,9 мың теңге, 104,3%-ға орындалып, 296 млн. 837,9 мың теңге артық түсті.
Жергілікті аудан бюджеті кірістері бойынша жылдық жоспар 2 млрд. 898 млн. 61 мың теңге, 1 маусымға жоспар 1 млрд. 076 млн. 95 мың теңге, 1 маусымға түскені 1 млрд. 372 млн. 932,7 мың тенге, 127,6% -ға орындалып, 296 млн. 837,7 мың артық түсті.

Дайындағандар — Гүлназ Жұмабек,
Гүлшат Бақытжан

(33)