Мораль

Оқырман қауымға өмір туралы түсінікті толық өзгертетін бес хикаяны баян етеміз. Өмірде бәрі сіз ойлағаннан әлдеқайда қарапайым.
Сізге де қатысы бар
Бірде тышқан қожайынның мұны аулайтын қақпан құрғанын көреді. Бұны тауыққа, қойға, сиырға айтады. Бірақ олар бірауыздан: «Қақпан — сенің бас қайғың, бізге еш қатысы жоқ!» — депті. Сәлден соң қақпанға жылан түсіп қалады да, қожайынның әйелін шағып алады. Әйелін емдемек үшін қожайын тауықты сойып, сорпа жасайды. Сосын қойын сойып, көңілін сұрай келген елді күтеді. Ақырында, әйелі қайтыс болады да, оның жаназасына сиырды сояды. Осының бәрін қабырғаның тесігінен мұқият бақылап отырған тышқан ешкімге қатысы жоқ нәрселерге бас қатырады.
Мораль: Егер сізге тікелей қатысы жоқ болса, онда басыңызға қиындық түспейді деген сөз емес.
Биік мансап
Қыран биік ағаштың ұшар басындағы бұтағына қонып, тыныстап отырды. Кішкентай қоян оны көріп:
— Мен де осылай ештеңе істемей демалсам бола ма? — деп сұрады.
— Әрине, болады, неге болмасын, — дейді қыран оған.
Қоян ағаштың саясына отырып, демалады. Осы сәтті күтіп тұрғандай қайдан екені белгісіз бір түлкі пайда бола кетті де қоянды бас салып, жеп қойды.
Мораль: Ештеңе істемей демалу үшін құзар шыңда отыру керек.
Өзгенің ісіне араласпа
Қойлы ауылда бір ат ауырып қалады. Ветеринар:
— Таңертең орнынан тұра алмаса, мен оған улайтын дәрі берем.
Таңертең ат орнынан тұра алмады. Жанында жатқан қой:
— Қанеки тұр, әйтпесе, сені өлтіреді!
Ат орнынан тұрып кетеді. Қожайын бұған қатты қуанады.
– Бұл нағыз ғажайып болды! Бұны жумаса болмайды. Мына қойды сойып, той жасалық, — дейді.
Мораль: Ешқашан өзгенің ісіне араласпаңыз (бірақ тышқанның қақпаны туралы да ұмытпағайсыз).
Дұрыс мақсатты таңдай білу
Үш адам тас домалатып жатады. Оның бірінен сұрайды: — Не істеп жатсың? — деп. Ол маңдай терін сүртіп: — Ит тірлік, мықшыңдап, жұмыс істеп жатырмын, — деген екен. Екіншісінен де соны сұрайды, ол жеңін білегіне түріп алып: — Табыс тауып жатырмын, — дейді маңғаздана. Үшіншісіне де сол сауалды қояды, ол көкке қарап: — Ғибадатхана салып жатырмын, — депті.
Мораль: Мақсаты ұлы адамның ғана өмірі мәнді болмақ.
Әкесі миллионер
Таксист қаладағы ең атақты миллионерді үйіне әкеп сап тұр дейді. Ол өлшеуіштегі бағаны төлеп, түсіп барады екен. Таксист: — Кеше сіздің ұлыңызды да жеткізіп едім. Ол маған шайға деп 100 доллар артық берді, — депті. Миллионер: — Әрине, оның әкесі миллионер ғой, ал мен — жетіммін, — деген екен.
Мораль: Өзің тапқан өзіңе ғана қымбат.

Аударған —
Шынар Әбілдә

(13)