Қайрат Айтбай: «WAQYP TRAVEL діни туризмді ұйымдастырумен айналысады»

     Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған  «УАҚЫП» Қазақстандық қоры» корпоративтік қайырымдылық қорына 1 шілде күні 1 жыл толды. Қордың негізгі қызметі әлеуметтік жобаларды қолдауға бағытталған. Қор құрылғаннан бастап көп жұмыс атқарылды және осы аралықтағы қызметті қоырытындылау үшін «УАҚЫП»  қорының президенті Қайрат Айтбаймен сұхбаттасқан едік.

QZ: – Қайрат Орынбайұлы, 1 жыл ішінде атқарылған жұмысты қорытындыласаңыз, осы аралықта не істелді және алға қандай мақсат қойып отырсыздар?

Қ.Айтбай: – Сауалыңызға рақмет. Барлық атқарылған істерді бір ғана сұхбаттың аясында жеткізу мүмкін емес. Дегенмен негізі жобаларды айтып өткім келеді. Ең әуелі біз көмек көрсеткен мекемелер мен адамдардың аты-жөндері ресми сайтымызда бар және сіздер де www.waqyp.kz сайты арқылы оларға ақша аудара аласыздар. Кез келген сома, тіпті 500 немесе мың теңге болсын, біз оның барлығын біріктіріп, мұқтаж жандарға айтарлықтай көмек көрсетеміз. Егер сандарға көз жүгіртсек, Қор 382 миллион теңге қаржы жинап, оның 200 миллион теңгесіне мұқтаж жандарға көмектесіп үлгерді. Біз 300-ден астам діни қызмпеткерге әлеуметтік көмек көрсеттік. Сонымен қатар, шалғайда тұрып жұмыс істейтін теологтарға 31 миллион сомасына шәкіртақы тағайындау арқылы көмек жасадық. Сондай-ақ, Қор ҚР имамдардың біліктілігін арттыру ислам институтына жөндеу жұмыстарына және оқуға қатысты шығындарды жабу үшін 16 миллион теңге бөлді.

 «ҮММЕТ» ҚБ бірлесе «Мектеп сөмкесі» акциясы аясында әлеуметтік жағынан аз қамтылған 250 отбасына оқуға керекті құралдар салынған мектеп сөмкелері таратылды. «Нұр-Мүбарак» ислам мәдениеті университетінің әлеуметтік жағынан аз қамтылған 15 студентіне оқу ақысын төлеуге қаржылай көмек берілді. Жанып кеткен православ шіркеуін қалпына келтіруге қаржы бөлінді және бұдан басқа 100 басқа жобаға қатысты көмек көрсетілді.  Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

QZ: Қор жанынан жаңа ұйым құрылды, ол немен айналысады?

Қ.Айтбай: – Иә, Қор жанынан жаңа «WAQYP INVEST» Басқарушы компания» ЖШС құрылды.  Оның бір құрылымы «WAQYP TRAVEL» діни туризмді, мұсылмандарды қасиетті Мекке мен Медина қаласына зиярат етуге баруды  ұйымдастырумен айналысатын болады.

         www.waqyptravel.kz  сайтында жол сапарды ұйымдастырудың жолдарымен танысуларыңызға болады. Дәл қазір біз «Сауапты іс» қайырымдылық акциясын ұйымдастырып жатырмыз. Оған қатысу үшін кем дегенде 3 мың теңге жолдасаңыз болғаны, сіз акцияның қатысушысы атанасыз және сіздің берген ақшаңыз мұқтаж жандарға көмектесуге жолданады.

QZ: Сіз басқа да ұйымдармен байланыс орнатуға қалай қарайсыз?

 Қ.Айтбай: – Біз әрқашанда байланыс орнатуға дайынбыз. Бүгінгі таңда бірқатар келісім бар. Өткен жылдың соңында ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Жарырқасынұлымен кездестік, ол демалыс орталықтарына жолдама беру арқылы қайырымдылыққа ат салысуға келісті. Сонымен қатар, әр түрлі қоғамдық бірлестіктермен меморандумдарымыз бар. Олардың ішінде жақында ғана қол қойылған «Харекет» қоры арасындағы құжатты айта кетуге болады. Осы меморандум негізінде сайтымызда арнайы бөлім аштық, сол арқылы аталмыш қормен бірлесіп, жиналған ақшаға мұқтаж жандарға үй сатып алуға тырысамыз.

QZ: Сіздерге қандай да бір ұйымдар немесе мемлекеттік органдар қолдау көрсете ме?

Қ.Айтбай: Жақында бізге дін істер комитеті қолдау көрсетті. Олар біздің Қорды қолдауға қатысты қайырымдылық акциясын өткізді . Комитет төрағасының орынбасары Балғабек Мырзаев қызметкерлерден жиналған ақшаны қорға табыс етті. Біз басқа да ұйымдарды, қазақстан эстардасының жұлдыздарын «Сауапты іс» қайырымдылық акциясына қатысуға шақырамыз.

QZ: Өскелең ұрпақтың тәрбиесінпе бағытталған қандай да бір жобалар бар ма?

Қ.Айтбай: Иә, әрине. Біз жақында ғана 2-ші жаңартылған энергия көздері саммиті аясында «Біз жасыл планетаны саламыз» атты әлеуметтік – экологиялық акцияны өткіздік. Шара барысында балалар жасыл экономика тақырыбында сурет салды. Картиналарың қызықты болғаны соншалықыты, кейбір саммит қонақтары бірқатарын сатып алды. Балаларды қорға күніне арнап Қор Астана қаласының балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесінің тәрбиеленушілері үшін шара өткізді. «Хан Шатыр» орталығының аттракциондарына барып, аниме-шоу ұйымдастырылды. Сондай-ақ Қор жас спортшыларды да қолдап келеді. Жақында  Өзбекстанда гран-при  сериясынан көркем гиманстикадан өткен жарысқа Әйзереге көмек бердік. Себебі анасында оны жарысқа жіберу үшін мүмкіндігі болмады. Нәтижесінде Әйзере Әзізбекова бірінші орын алды. Осыған байланысты спортшының анасы мен бапкерлер құрамы Қорға өз алғыстарын айтты. Бұл өскелең ұрпақтың тәрбиесіне арналған соңғы жұмыстардың бірі ғана.

QZ: Сұхбатыңызға рақмет, алдағы жұмыстарыңызға сәттілік тілейміз!

        

(16)