Сыртқы қарызымыз қанша?


Сенат отырысынан кейін Қазақстанның сыртқы қарызына қатысты пікір білдірy Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев: «Сыртқы қарызды Ұлттық банк санайды. Бірақ бұл біз жағдайды реттей алады немесе оған қандай да бір әсер ете алады деген сөз емес. Өкінішке қарай, біз нақты сандарды жариялаған кезде мұндай қарыздың қайдан шыққаны және Ұлттық банктің қайда қарап отырғаны жайлы сұрақтар пайда болады. Қазақстанның сыртқы қарызы бойынша жағдай тұрақты. Расында мемлекеттің қарызы аса үлкен емес, бірақ біз мұның үнемі бақылауда болуы керектігіне алаңдаулымыз. Ұлттық банк тек екінші деңгейлі банктердің сыртқы қарызына жауап береді. Бүгінде соңғы мәліметтерге қарағанда, банктердің қарызы 6-7 миллиард доллардан аспайды»,— деді. Ал Finprom.kz.: «Мемлекеттік қарыз 20,9 пайызға (12,3 триллион теңге болатын) өскен. Елдің мемлекеттік қарызының жиынтығы — мемлекеттік қарыз — 14,3 триллион теңге (бір жылда 20,1 пайызға артқан), кепілдендірілген мемлекеттік қарыз —  428,5 миллиард теңге (59,4 пайызға өскен) және мемлекет кепілдігімен алынған қарыз — 37,8 миллиард теңге. Сонымен қатар, мемлекеттік қарыздың өсуіне негізгі себеп — ҚР үкіметінің ішкі қарызы (салыстырмалы үлесі — 39,5 пайыз). Бір жылда ол 30,9 пайызға өскен — 4,4-тен 5,7 триллион теңгеге дейін. Ал сыртқы қарыз айтарлықтай өзгермеген — 0,1 пайыз немесе 5 миллиард теңге. Соңғы бес жылда мемлекеттік қарыз 3,7 есе (10,8 триллион теңге) артқан — 4-тен 14,8 триллион теңгеге дейін»,— деген деректі ұсынады.

Ермек Сахариев

(20)