АСТАНА ─ ДИАЛОГ АЛАҢЫ

2018 жылдың 5 маусым күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жəне Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы қорымен бірлесе отырып Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Астана – Бейбітшілік қаласы» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді.

Халықаралық конференцияның негізгі мақсаты: Елордамыз Астананың даму қорытындыларын және оның Еуразияның маңызды геосаяси орталығы ретіндегі болашағын талқылауға қазақстандық және шет мемлекеттердің саясаткерлерін, беделді сарапшыларын тарту болып табылады.

Келелі жиынға халықаралық ұйымдары мен парламентарилерінің өкілдері, халықаралық қауіпсіздік, қаржы жəне тұрақты даму салаларының сарапшылары, ғалымдар қонақ болды.

Астананың 20 жыл ішіндегі жеткен жетістіктері мен халықаралық аренадағы беделі, бейбітшілік негізіндегі атқарған рөлі, сонымен бірге тарихи, дипломатиялық, құқықтық мəселелері талқыланған халықаралық конференция үш сессиядан тұрды. Олар:

I сессия ─ Астана ─ халықаралық диалог алаңы: тарих, трендтер, болашағы;

II сессия ─ Болашаққа бағдар: ақылды және жаһанды көпбағытты қала;

III сессия ─ Астана ─  қаржылық, сауда және көлік инновациялық хабы.

– Аталмыш іс-шараны ашу – мен үшін үлкен абырой. Астананың Мемлекет басшымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың туындысы екені хақ. Гүлденген еліміздің басты нышаны ретінде ол мемлекет дамуының қозғаушы күшіне айналды деп, ─  кіріспе сөзбен ашқан Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов жиынның маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар, сөз алған Астана қаласының əкімі Əсет Исекешов:

─  … 20 жыл ─  кез келген қала үшін қасқағым сәт. Бұл уақыттың ішінде ірі ауқымды жұмыстар атқарылып, жаңа буын отандастарымыз мекен еткен қала тұрғызылды. Қала тұрғындарының саны 3,5 есе өсіп, миллионнан асты. Экономика инвестицияларының жылдық шамасы 44 есе ұлғайды. Осы орайда қаланың экономикалық және географиялық тұрғыдан серпінді дамуы елордамызды қазіргі урбанизация мен жоғарғы өмір сапасының үлгісіне, инновация жаңалықтарының орталығына айналдымақ деп, ─ еліміздің жүрегі саналатын жас қаланың жетістіктеріне тоқтала кетті.

1 сессия: Астана -─  халықаралық диалог алаңы: тарих, трендтер, болашағы; тақырыбы бойынша Орталық Азия бойынша Еуро Одақтың арнайы өкілі Питер Буриан, Приднестровье бойынша ЕҚЫҰ арнайы өкілі, Италияның бұрынғы сыртқы істер министрі Франко Фраттини, Ислам ынтымақтастық ұйымының бұрынғы бас хатшысы Экмелледин Ихсаноглу, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бұрынғы Бас хатшысы Мұратбек Иманалиев Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлының қаланы қалыптастыру барысындағы ерен еңбегін атап өтіп, жас қаланың халықаралық беделін тілге тиек етті.

Баяндаушылар қатарында: Сирия бойынша БҰҰ Бас хатшысының арнайы уәкілінің орынбасары Рамзи Еззельдин Рамзи, ЕҚЫҰ жанындағы Германия өкілі (2008─2012) Генри Хорстен, ЕҚЫҰ Зерттеулер орталығы басшысының орынбасары Франк Эверс, Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Стратегиялық және аймақаралық зерттеулер институтының директоры Өзбекстан Республикасы Президентінің жанындағы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Владимир Норов, АҚШ Жаһандық қауіпсіздікті талдау институты Энергетика, табиғи ресурстар және геосаясат орталығының директорыАриель Коэн, АӨСШК Хатшылығының атқарушы директоры Гун Цзяньвэй, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының бұрынғы вице-президенті Ален Нери, «Greenstar Global Energy Corp» компаниясының негізін қалаушы және төрағасы Рави Батра өз ойларын, пікірлерін ортаға салды.

Концеренцияның 2 сессиясы: Болашаққа бағдар: ақылды және жаһанды көпбағытты қала; төңірегінде  модератор болып Қазақстан республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рахымжанов, Астана қаласы əкімінің орынбасары Мəлика Бектұрова, Варшаваның вице-мэрі Витольд Паль, Виннтпег университетінің профессоры, “Астана: сəулет, мифтер, тағдыр” кітабының авторы Франк Альбо, Қазақстан-Словения бизнес-клубының президенті Деян Штанцер, Жоғарғы экономика мектебінің Өңірлік зерттеулер жəне қалалық жоспарлау институтының директоры Ирина Ильина сөз сөйледі. Одан əрі Экономика ғылымдарының докторы Йоланта Слонец, “Savaterra” компаниясының Техникалық директоры Юсси Уотила, Гази Университетінен Зейнеп Бағлан Өзер, “Koja” компаниясының басқарушы директоры Яаакко Сиренне, Марджани Қорының вице-президенті Мурат Заргишиев еліміздің дамуындағы елеулі қадамдарын баса назар аударды.

Одан бөлек Қазақстанның тəуелсіздік жылдарындағы бағындырған белестері, жаңа ғасырдағы тарихы, жас қаланың əлем үшін маңызы зор тақырыптарда ой қорытылып, «Астана – инновация, қаржы, сауда және көлік хабы», «Астаналардың көшірілуі: қазақстандық тәжірибе және әлемдік практика», «Астаналар – мәдениет пен руханият орталығы», «Астаналар және әлеуметтік-мәдени қоғам» сессияларымен жалғасын тапты.

Жанұзақ Койчукулов

(34)