Гендерлік саясат көбеюімізге кесепатын тигізеді

Турасын айтар болсақ бұл саясат — қазаққа түкке керегі жоқ саясат. Ол тек қазаққа ғана емес, кез келген халыққа қауіпті. Әйелдерді адам қатарына санамай, оларды қорлауға қарсы Х1Х ғасырдың екінші жартысында осы саясатты ойлап тапқан батыс қазір осының зардаптарын тартып отыр. ХХ ғасырдың басында осы жайлы «Еуропаның құлдырауы» атты еңбегінде философ Освальд Шпенглер (1880-1936ж.) «…күзде солатын гүлге» теңеп  анықтама берген. Гендерлік саясат арқылы «еркек пен әйелді тең құқылы жасадық», — деп әлемге жар салған Еуропа елдері қазір бармақтарын шайнап, өкініп отыр. Бұл саясаттың «жемісін» кез келген Еуропаға барған адам көре алады. Көшеде жас бала жоқ, қаптаған түріктер, негрлер мен сығандар, жергілікті халық саусақпен санарлық. Өсім жоқ. Осы саясатты қабылдамаған Қытай, Үндістан, көршіміз Өзбекстан тағы басқа елдер адам санынан тапшылық көріп отырған жоқ. Біз табиғатынан әсершіл, өзге жұрттан  көргенін «ол пайдалы ма, жоқ па?» деп мән бермей дереу қабылдай қоямыз. Мәселен арақ ішу, темекі тарту, есірткі заттарын пайдалану, қыздарымыз тізеден жоғары сандарын жалтыратып жүретін қысқа көйлек кию сияқты салтымызда жоқ келеңсіз нәрселерді тез үйреніп ала қойдық. Ол аз болғандай қасиетті Құранға қарсы шығып, гендерлік саясатты елден бұрын қабылдай салдық. Қасиетті Құран кәрімнің 4-сүресі Ниссаның 33 аятында «Еркектер: әйелдерді билеуші. Өйткені Алла бірін-бірінен артық қылды…  Ал енді жақсы әйелдер:  бой ұсынушылар, Алла қорғауға бұйырған көмескі нәрселерді (абыройын) қорғаушылар десе, 31 аятта; Алланың біріңе-біріңді артық еткен нәрсесін көксемеңдер. Еркектердің еңбектерінің үлесі өзіне және әйелдердің еңбектерінің тиесісі өзіне тән» деп соқырға таяқ ұстатқандай айтып берген. Демек әйелдер еркектерден төмен екенін ұмытпаулары керек. Құран кәрімнен аттамайық!
Қазір бізде әкесіз өскен балалар көп. Олар еркектің өмірде алатын орнын түсінбей өседі. Олар үшін еркек табыс көзі ғана. Осы Құран кәрімдегі аятқа мән бермей қарсы шыққан елдерде демография өспей құлдырауда. Оның нақты мысалы, бізде 1991 жылдары қазақтың саны орта есеппен 17 500 мыңның үстінде болса 2017 жылы 18200 мыңға жуықпыз. Сонда 26 жылда небәрі 700 мыңға өсіп жылына 27 мыңға ғана  өскенбіз.  Оның сыртында  ажырасу көп. 2011 жылы 160500 некенің 57400 жанұясы ажырасқан. Ал 2016 жылы қаңтарда ажырасу жағдайына байланысты сотта 279 мың іс қаралғаны жайлы  karavan.kz  сайтында  көрсетіліпті. Осыдан  қазақтардың өсу көрсеткішінің өте төмен екенін көреміз. Мұның сыртында қазір бізде еркек мінезді әйелдер пайда болды. «Еркектерсіз де өмір сүре аламын», — деп сотқа арыз берсе, «сот мырзалар» еркексіз-ақ сыртынан ажыратып, алимент кесіп бере береді. Бұл бізде матриархаттың басым екенін білдіреді. Егер сот: «Күйеуің рұқсат бермесе ажыраспайсың, ал оның келісімінсіз ажырасатын болсаң ажыратамын, бірақ алимент алмайсың» десе, ол әйел ажыраспас еді. Сонда ол күйеуінің келісімінсіз ажырасады, оның сыртында одан ақша талап етеді. Сонда балаға әке керек емес, ақша керек екен. Баға алмаса неге ажырасады? Ешқандай логикаға симайды. Меніңше бұл заңды қайта қарау керек. Бұл осы атың өшкір гендерлік саясаттың бізге берген «жемісі». Елімізде 2016 жылғы көрсеткіш бойынша 9 миллион 128 мың әйел бар. Осылардың алтыдан бірі туатындар деп алсақ бір жылда 1521 мың  бала туылады екен. Шын мәнінде бізде бір жылда 2 миллионнан артық бала туылу мүмкіндігі бар. Ал көрші өзбектерде өзбектердің саны осы 26 жылда 32 миллионнан асып отыр. 1 миллиард 300 мың халқы бар қытай соңғы жылдары халқының өсуі тоқтап қалған соң әйелдерге бұрынғы бір баланың орнына екі бала тууға рұқсат берген. Соның нәтижесінде Қытайда бір жылда 18 миллион бала туған. Атамыз қазақ қыз баланы осы гендерлік саясатсыз-ақ сыйлай білген. Қыз баланы төрге отырғызу, оған дауыс көтеріп сөйлемеу, қызды оқ жаққа шығару, үлкен адамның жолын кеспеу, оларды силау, келін болуға жеңгелері арқылы тәрбиелеу, сондай-ақ «қыз елдің көркі», «Әйел балалардың панасы, отбасының шамшырағы», — деп қадірлеп өсірген. Осындай тәрбие алған қыздар ешқашан ажыраспаған және қазақта ажырасу болмаған. Ал қазіргі қыздарымыздың арасында тұрмысқа шықпай тіпті мектеп жасында бала туу, туған сәбиін көшеге және әжетханаға тастап кетушілер, ата-енесі мен туған әке-шешесін сыйламайтында жетіп айрылады. Ал әйел адамдардың қызмет істеуіне ешқандай қарсылық жоқ. Бірақ олар өздерінің негізгі міндеті ұлттың санын көбейтіп, қазақтың болашағын ойлау екенін ұмытпаулары керек. Ұлттың өсуі үшін кем дегенде төрт бала табу керек. Ал қызмет істеп жүрген әйелдердің көбі баласыз және бір немесе екі ғана баласы бар. Үш-төрт баласы бар мемлекеттік қызметкер әйелдер саусақпен санарлықтай. 2017 жылы 1 қаңтарда мемлекеттік қызметкерлердің арасында әйелдер 55,5 пайыз деген «қуанышты» хабар естідік. Бұған қуанудың орнына қайғыру керек. Демек осыншама әйелдер демографияға үлесін қоспай отыр деген сөз. Бұл қазақтың өсуін тоқтатудың төте жолы. Сондықтан қазақтың өсуін ойлаған үкімет қызметке кем дегенде үш-төрт баласы барларды алуды жүзеге асыруы керек және арнайы заң қажет.
Ұлттың болашағы жеке адамның бас пайдасынан артық екенін ұмытпайық. Қытай сияқты 2 баладан кем болмасын дегендей бізде де әйелдер кем дегенде 3-4 балалы болуы керек деген заң қабылдаса оның несі айып (Денсаулығы көтермейтін әйелдер жетімдер үйінен бала асырып алсын, ол басқа мәселе).  Сонда қызмет істегісі келген әйелдер бала туу жайлы ойланар еді. Осы орайда бала туған аналарға деген үкіметтің көзқарасы дұрыс болмай отыр. Қазақтың болашағынан ақша аяған осы бізде ғана. Әрбір жаңа туған балаға кемінде 1 миллион ақша төлесе, әйелдер ешкімнен ақыл сұрамай-ақ бала тууға ынталары артар еді. Депутаттар демография жөнінде мүлде сөз қозғаған емес. Демек олар халықтың болашағы емес, өз бастарының қамын көп ойлайтындығын білдіреді. Рас, кейбір мықтылар тоқал жайлы мәселе қозғап жүр. Жалпы тоқал сөзінен қорықпау керек. Тарихқа қарасақ,  тоқалдан туған кейбір рулар халықтың санын көбейтіп отыр. Тоқалдар қазақтың жойылып кеткенінен сақтап қалған дана аналар. Тарихта қазақтан көп қырылған халық жоқ. Аталарымыз бұрын төрт-бестен әйел алған. Олар кемінде 4-5 баладан туып қазақтың жойылу қаупінен аман сақтаған. Осыны біле тұрып «тоқал» деген сөзге кір келтіруге болмайды. Әйелдер осыны түсінулері керек. Шамасы келгендер алсын. Сонда қытай, араб, негір сияқты шетелдіктерге байға шығатын қыздар азаяды. Гендерлік саясат қазақтың болашағына қауіпті екенін кезінде Светлана Жалмағанбетова мен Айгүл Соловьева да айтып мәселе көтерген. Бірақ өкінішке орай қолдау таппады.  Менің ойымша осы гендерлік саясатты қайта қарау керек. Әйелдерге күш көрсетуші, намысына тиетін бірен-саран еркектер кездеседі. Ондайлар бүкіл қазақ үшін көрсеткіш бола алмайды және олар үшін арнайы заң бар емес пе? Сондықтан балалы аналарға ақшалай көмекті көбейтуді, үйден қысылғандарға кезексіз үй бергізуді жүзеге асырып қызметтің барлық түріне аларда 3-4 және одан көпбалалы аналарға басымдық берейік. Болашақта қазақтың өсіп-өнуі негізгі мәселе екенін ескеріп, кешігіп қалмай тұрғанда осы мәселені басшылыққа алайық, ағайын!

(16)