Мерекеге арналған сайт ашылды

Елорданың мерейтойы құрметіне өтетін мерекелік іс-шаралардың ресми сайты іске қосылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады. «www.astanaday.kz» деп аталатын сайтта алдағы уақытта қаланың 20 жылдығын мерекелеуге арналған, маусымнан қыркүйекке дейінгі мерекелік іс-шаралардың кестесі берілген. Бұл сайттың ерекшелігі- түрлі мәдени шаралар мен жиналыстардың, концерттердің өткізілетін орындары, билеттердің бағалары мен сатылатын кассалары туралы ақпараттар қамтылған. Сонымен қатар аноностық материалдар, бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз хабарламалары, қала көшелерінің жағдайы мен көлік тұрақтарына дейінгі мәліметтер бүге-шігесіне дейін беріліп отырмақ. Бұған қоса халыққа ыңғайлы болу үшін «iKomek» қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы базасында қажетті ақпаратты қазақ, орыс тілдерінде алуға болады. Бұған қоса «109» жедел нөмірі бойынша тәулік бойы колл-орталығы қызметі көрсететін болады. Ақпарат құралдарының хабарлауынша жыл бойы 630 шара өткізіледі екен. Осылардың арасында маңызды деген шаралардан 25 маусым мен 6 шілде арасында 61 іс-шара өтетін көрінеді. Басты салтанат-5 шілдеде «Қазақ елі» монументінің жанындағы алаңда өтетін Гала-концерт боламақ.

Ерқазы Сейтқали

(17)