Биыл баламалы энергия көздерінің қуаты артады

Global Challenges Summit 2018 форумы аясында өткен Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығының тұсаукесер рәсімінде ҚР Энергетика министрі Қанат Бозымбаев: «Елімізде жасыл технологияларды енгізу жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. «Жасыл экономикаға» көшу тұжырымдамасын іске асыру жылдарында ресурстарды үнемдейтін таза технологияларды пайдалану қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділікті 94 пайызға және ауылдық жерлерде 57 пайызға жақсартуға мүмкіндік берді. Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі екі есе өсті. Нәтижесінде заманауи энергия үнемдеу жүйесінің негізі құрылды. 2018 жылдың соңына қарай шамамен энергия көздерінің қуаты шамамен 460 МВт болады деп жоспарланып отыр. Жүйелі жүргізілген жұмыстар аталған салада оң нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді. Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар халықаралық орталығының құрылуының арқасында бұл процестің кеңейе түсеріне сенім артамыз. Үкімет басшысы атап өткендей, орталық біздің елімізде және толықтай алғанда Орталық Азияда жаңа технологияларды пайдаланудың катализаторына айналуы тиіс. Қазақстан жаңа технологиялық шешімдерді іздеуге және инвестиция тартуға мүдделік танытатындығын атап өткім келеді»»,— деп мәлімдеді.

Е.Сахариев

(9)