Кәусар қатерлі ісікті қалай жеңді?

Сәлем, оқырман. Бүгінгі жазған мақалам өлімді жеңген Кәусар есімді батыр қыз жайлы болмақ. Қатерлі ісік ауруына шалдыққан Кәусардың мұндай жаман ауруды қалай жеңгендігін білгіңіз келе ме? Ендеше аяғына дейін оқыңыз.

Кәусар әрбір студент сияқты бейқам өмір сүріп жүрді. Тыныштығының шырқын бұзған дерт былай басталған еді. Сабағын тек бестікпен оқитын Кәусар ең маңызды емтихан сынағынан өтпей қалады. Қалтасындағы шырылдаған телефон ұстаздың Кәусарды емтиханнан шығарып жіберуіне себеп болған. Кәусар үшін бұл үлкен сынақтың басы ғана екен. Ауруханаға тексерілуге барған Кәусар ендігі өмірінің аз қалғанына сенгісі келмейді. Себеп Кәусардың қатерлі ісікпен ауыратыны болып шыққан. Екі, үш айы ғана қалғанын білген Кәусар не істемек?!
Қалалық онкологияға орналасып Кәусар ауруға қарсы тұрған. Нөмірі бірінші қолдаушысы — анасы қызының жанында күн-түн көз алмай қараған, қызының аяққа тұруын Жаратушы иеден жалбарынып сұраған.
Бұл ауруды жеңуге не себеп болғанын Кәусар былай түсіндірді. Ол — сенім. Сенімі серік болған қыз ішіндегі дүлей дауыс емделмей-ақ қой, бәрібір жеңе алмайсың десе де сенді. Өмір әрбір адам баласы үшін үлкен сыйлық, мен қалайша өмірімді қиямын деп бел байлап бұл дауысты тұншықтыруға асықты. Осылайша Кәусар жеңді.
Ауруының басты себебі ішіндегі реніші екен. Реніші ішіне түсіп қатерлі ісікке айналған. Анасымен арасын суытып алған Кәусар анасына ренжігені қате болғанын көзіне жас алып отырып айтып берді. Тыңдаушыларға ата-ананың қадірін біл деп кеңес берді. Қазірде ол анасымен тату және өмірде барлық болған жағдайдың өз себебі бар, өйткені емтиханнан құламағанымда ауруым өршіп, қазір бұлай алдарыңда отырмас едім, — деп сөзін түйіндеді.
Тыңдаған менің бұл әңгімеден алғаным көп. Жазып отырған себебім де осы, сізге де үлгі болсын демекпін. Ішімдегіні тап демей, сыртқа шығара біліңіз.

Тұрұсқұл Раушан,
№ 98 жалпы білім беретін мектептің
11 сынып оқушысы

(27)