«Нұрлы жер», басқа бағдарламалар тоқтайды

Қазіргі уақытта Ұлтық банк пен Қаржы министрлігі арасындағы даулы мәселе — банкротқа ұшыраған жеке тұлғаның жалғыз баспанасын тәркілеуге қатысты өрістеп отыр.  Министрлік бұған қарсы. Ал Ұлттық банк егер бұл заңмен шектелсе, шағын және орта бизнеске баспананы кепілге қою арқылы несие беру тоқтайды деп қауіптенеді. Мұндай шектеу мемлекеттік бағдарламаларға да кесірін тигізуі мүмкін екенін алға тартқан  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Депутат Аманжан Жамалов: «Банкротқа ұшыраған жеке тұлғалардың жалғыз баспанасын сақтап қалу туралы заң шықса, «Нұрлы жер», «Тұрғын үй жинақ банкі» және «7-20-25» бағдарламалары тұралап, тіпті тоқтайды.  Банктер үшін несиені қайтармау қаупі басым. Қазір ипотека нарығы жыл сайын 80 пайызға өсім көрсетіп келеді. Заңда шектеу болса, потенциалды тұтынушылар баспана ала алмай қалады»,— деген пікірде. Заң жобасында үш айдан артық қарызын өтей алмаған тұлға өзін банкрот деп жариялауға құқылы екендігі көрсетілген. Тиісті орган борышкердің төлем қабілетін қалпына келтіру үшін уақыт созады. Оның бар мүлкін саудаға шығарады. Банкротқа жеке кәсіпкер болуға, шетелге шығуға, несие алуға, несиеге кепіл болуға басқа да заңмен бірқатар шектеулер бар. Аталған құжат маусымда Парламентке түседі. Ал 2021 жылы күшіне енуі тиіс.

(15)