Мейрамханаға қандай киіммен барамыз?

Жасыратыны жоқ, салтанатты кештерге баратын кезде кез келгенімізді «Не киемін?» деген сұрақ мазалайды. Гардероб киімге толы болса да киетін киімді таңдай алмай дал болатынымыз анық. Кейде киінудің де өз ережесі бар екенін ұмыт қалдырамыз. Мейрамханаға киінудің де өз үлгісі бар. Осы орайда сізге көмек ретінде кішігірім кеңес ұсынамыз.

Мейрамханаға киюге болмайтын киімдер

1. Костюм-шалбар
Бұл киім сізді сәнді етіп көрсетпейді. Егер басқа таңдау болмаса, онда қара, аспан көк, қою қызыл түсті костюм мен қара шалбар киіңіз. Бұл костюмге ашық түсті жейде жарасады. Үйлесетін әшекей тағып, биік өкшелі аяқ киіммен үйлестіріңіз. Қолыңызға шағын ғана клатч ұстасаңыз болады.
2. Жейде мен джинсы
Бұл киімді достармен саябақта кездескенде немесе туған күнге киюге болады. Өйткені мың бұрала билеуге ыңғайлы әрі өзіңізді еркін ұстайсыз.
Ал салқын мезгілде кардиган киіңіз. Оған қабатталған алқа, білезік, сырға, жалпақ белдік пен гипюр қолғап үйлеседі.
3. Белдемше
Белдемшенің түр-түрі бар. Бірақ мейрамханаға офистік белдемше киюге болмайды. Сонымен қатар тым қысқа белдемше де сізге сұлулық сыйлай алмайтыны анық.
4. Қысқа көйлек
Бұл көйлекпен сүйіктіңізбен кездесуге баруға болады. Мейрамхана есігі мұндай көйлекті қабылдай алмайтынын білгеніңіз жөн. Көйлекті киген кезде ұзын капрон шұлық немесе колготки мен біз өкшелі аяқ иім киіңіз. Алтын алқа тақсаңыз жарасады.
Сонымен қатар тізеден төмен түсетін белдемше мен костюм де жарамайды. Бұл киімдерді іскерлік кездесуге немесе түскі асқа барғанда кигеніңіз жөн. Тым қысқа көйлек сізді тұрпайы көрсетеді.
Сонымен қатар тағатын әшекей бұйымдарыңыз бен сөмкеңізге мұқият болыңыз. Ешқашан салпыншақ сырғаны тақпаңыз. Саусақтарыңызды сақинаға толтыру сіздің сұлулығыңызға сын келтіреді. Тым үлкен көлемдегі сөмке де мейрамханаға баруға жарамайды. Сондай-ақ жасанды тастармен безендірілген клатч та үйлесім таппайды.

Қалай киінген жөн?

* Егер маңызды мәселені талқылауға жиналған болсаңыздар, онда орташа ұзындықтағы көйлек, зергерлік әшекей және шағын қол сөмке керемет жарасады.
* Ал достармен бас қосатын болсаңыз, ашық түсті көйлек киіңіз. Сонымен қатар қара түсті көйлек те өте ыңғайлы болады. Қара көйлек киген кезде ерніңізге қызыл немесе алқызыл түсті далап жағыңыз, ашық түсті бояулармен макияж жасаңыз. Алтын әшекелер де керемет үйлесім табады.
* Ал егер сүйіктіңізбен романтикалық кешке баратын болсаңыз, ал қызыл немесе күлгін түсті көйлек киюге кеңес береміз. Ақ түсті тізеден келетін киім, былғары куртка мен біз өкшелі аяқ киім де сізге деген қызығушылықты оятады.
* Ашық қызыл түсті түйреуіш пен меруерт моншақ, бағалы тастармен безендірілген аксессуар да романтикалық кеште өзіңізді еркін сезінуге себеп болады.
* Салтанатты кешке ұзын көйлек кисеңіз, сізді нәзік әрі сымбатты көрсетеді. Аяғыңызға жабық туфли немесе ботильон киіңіз. Ботильонның қалың матадан тігілген көйлекке жарасады.

Жұлдыз Әбіл

 

(45)