«Резеңке пәтерлергі» артық тұрғындар тіркелмейді

Үкімет сағатында Мәжіліс вице-спикері Владимир Божко «резеңке пәтерлердегі» тұрғындар санына жүргізілетін қандай да бір есеп жайында сұраған болатын. Бұған жауап берген «Азаматтарға арналған үкімет» басқарма төрағасы Абылайхан Оспанов: «Алматыда мәслихатта мынандай бір шешім бар екенін білемін: бір адамға белгілі бір көлемде шаршы метр белгіленеді, соның нәтижесінде болашақта жүйе жаңа азаматты тіркеуге рұқсат бермейтін болады, себебі, пәтер алаңының көлемі бойынша рұқсат жоқ. Яғни Алматыда шаршы метрге тиісті тұрғындар саны бойынша лимит арқасында қосымша азаматтарды тіркеуге қоюға рұқсат берілмейтін жаңа жүйе енгізілмекші»,— деді.  Осы жауапқа орай Божко: «Алматылық әкімдіктің бұл оң тәжірибесін бүкіл республика бойынша таратып, жүйені әзірлеу талаптарының қатарына енгізу қажет деп санаймын»,— деген ұсыныс жасады.

Ермек Назым

(17)