Жастар шетелге шыға алмай отыр

Азаттық радиосы: «Түрікменстанда 30 жастан аспаған ер адамдарды елден шығармай жатыр. Миграциялық полиция қызметкерінің ақпаратына сүйенсек, бұл шара ел тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалып жатқан көрінеді»,— деп хабарлайды. Сондай жастардың бірі Азаттық сұхбаттасушысына: «Менің 27 жастағы танысым шетелге шықпақшы болды. Содан оны облыстық миграциялық полиция қызметіне шақырып, билетін тартып алды. Кейін елден 30 жасқа дейінгі ер адамдарды шығармай жатқанын айтып, Ашхабадқа да барып әуре болмауын ескертіпті. Бұдан басқа бірнеше азаматқа билет ақшасын қайтарып беріп, содан кейін олармен шетелге шықпау туралы келісімге келіпті»,— деген мәліметті жеткізіпті.

Ермек Сахариев

(7)