Сапарбаевтың тұрғындарға жер телімдерін беруге пәрмені

Облыс әкімдігінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың төрағалық етуімен өткен жиын-да жер ресурстарын тиімді және ұтымды пайдалану мәселелері талқыланды.

— 2015 жылдан бастап облыста тұрғын үй салу үшін 25,5 мың жер телімі берілді. Алайда күту тізімдерінің саны азаймай отыр, — деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Құсайын Сәрсембай. Мәселен, 2017 жылғы желтоқсанда тұрғын үй құрылысына 10 сотық жерді алу үшін 150 мыңға жуық өтінім тіркелсе, бүгінгі күні 161 мыңға жуық.
Ең көп ұсыныс ақтөбеліктерден 128 мың, Алға ауданы шамамен 14 мың, Мәртөк шамамен 5 мың және Мұғалжар Хромтау аудандары 4 мың адамнан түскен. Жер кезегі Ойыл және Қобда аудандарында жоқ.
Биылғы жылы 14,2 мыңнан астам учаскені беру жоспарланып отыр.
Облыс әкімі бос жерлерге барлық резервтерді инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз ету — ақтөбелік тұрғындарға он сотық жерді беруге мүмкіндік береді деп тапсырды. Сондай-ақ кім бірнеше жыл бойы үй салмай, жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаса сол жерді тартып алуға жұмысты күшейтуді тапсырды. Болашақта тартып алынған жерлер күту тізімдерінде тұрғандарға беріледі.
Ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану туралы айтқан облыс әкімі ауыл шаруашылығы басқармасын ауыл тұрғындарына шабын-дықтар мен жайылымдар беру бойынша сынға алды. Осылайша, ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Құсайын Сәрсем-байдың мәліметінше ағымдағы жылы 142,5 мың гектар жер пайдалынылады, 8932,8 мың гектары мал жайылымдыққа және жем-шөп үшін жарамды жер жалпы алаңы 35% құрайды.

Ақтөбе облысы әкімінің
баспасөз қызметі

(7)